- Advertisement -

Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

32

- Advertisement -

Елімізде бес облысы аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды.

Таңертең және күндіз 5 қазанда Қызылорда облысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады. Түнде және таңертең 5 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан, жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

5-7 қазанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. Күндіз 5, тәулік бойы 6-7қазанда кей жерлерде солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең 5-7 қазанда кей жерлерде 3 градус үсік сақталады.

Тараз қаласында түнде және таңертең 7 қазанда 1-3 градус үсік күтіледі.

4 қазанда күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

5-6 қазанда Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде жаңбыр соңы қарға ұласады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support