- Advertisement -

Жуалы ауданындағы құс тұмауы: 410 құс аурудан өлді

75

- Advertisement -

Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде Жуалы ауданының Қаратас ауылында үй құстарының құс тұмауын жұқтыру жағдайлары анықталды. Жуалы өңірлік инспекциясы Күреңбел ауылдық округінде карантин жариялады. Қаратас ауылының кіреберісіне шлагбаум мен дезинфекциялық тосқауыл қойылды.

Карантин режимі аясында ауру ошақтарын жою және одан әрі жұқтырудың жолын кесу бойынша іс-шаралар жоспары дайындалды. Барлық мүдделі қызметтер мен ведомстволардың өзара іс-қимыл алгоритмі ұйымдастырылды.

Соңғы мәліметтер бойынша 410 құс аурудан өлді. Құстардың ұшалары арнайы бетондалған арнайы орында өртелді. Қолданыстағы талаптар бойынша аталған орынға дезинфекция жүргізілді. Ошақтың айналасындағы 2400 шаршы метр аумақтағы аулалар екі рет дезинфекцияланған. Сонымен қатар, жабайы құстардың қоныс аудару жолымен үй құстарына вакцинация жүргізіледі.

Құстардың иесіне өтемақы төлеу жөніндегі комиссия құрылды. Өтемақы республикалық бюджет есебінен төленеді.

Республикалық резервтен облыс бойынша 160 мың доза вакцина бөлінді, Жуалы ауданына 64,6 мың доза берілді. Сондай-ақ, су қоймалары мен құс фабрикалары орналасқан Мойынқұм, Байзақ, Жамбыл және Қордай аудандарына құс тұмауына қарсы вакциналар берілді. Қазіргі уақытта құстарды егу жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Облыста жеке аулаларда барлығы 1 030 560 бас құс бар. Құс тұмауына қарсы вакцинациялауға арналған республикалық резервтен қосымша 970 560 доза сұралды. Мониторинг қорытындысы бойынша құстардың өлімінің басқа фактілері тіркелген жоқ.

                                                                                                                 Облыстық ветеринария басқармасының баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support