"Әлем қорқынышты межеге жетті": БҰҰ бас хатшысы вирусқа қатысты мәлімдеме жасады

"Әлем қорқынышты межеге жетті": БҰҰ бас хатшысы вирусқа қатысты мәлімдеме жасады
ашық дереккөз
"Әлем қорқынышты межеге жетті": БҰҰ бас хатшысы вирусқа қатысты мәлімдеме жасады
 width= БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш әлем бойынша коронавирус құрбандарының саны миллион адамнан асуы есеңгіретерлік жағдай екенін мәлімдеді деп хабарлайды РИА Новости. Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, соңғы деректерге сәйкес, әлемде COVID-19 індетінен қайтыс болғандар саны 1 000 555 адамға жеткен. "Біздің әлем қорқынышты межеге жетті: COVID-19 пандемиясы миллион адамның өмірін қиды. Бұл - есеңгіретерлік көрсеткіш", – деді БҰҰ бас хатшысы. Сондай-ақ, ол вирустың таралуы, жұмыс орындарын жоғалту сынды күйзелістердің шегі көрінбейтінін атап өтті. "Біз бұл проблеманы еңсере аламыз. Жіберген қателіктерден сабақ алуымыз керек. Жауапкершілікпен басқару маңызды. Ғылым мен ынтымақтастықтың да маңызы зор", – деді Гутерреш. Сондай-ақ, оның пікірінше, коронавирус туралы жалған ақпараттар адамдарды өлтіреді. Бас хатшы вакцинаға қол жеткізгенге дейін адамдарды қашықтықты сақтауға, бетперде тағып, қол жуып жүруге шақырды.  

Ұқсас жаңалықтар