- Advertisement -

Коронавирустан емдемек болған жалған емші ұсталды

90

- Advertisement -

Атырауда дәстүрлі емес медицина арқылы коронавирусты емдеумен айналысқан тұрғын ұсталды. Ол қаладағы ғимараттардың бірін стационар типінде жабдықтап, коронавирус жұқтырған тұрғындарға ем-дом жасаған, деп хабарлайды «Aq jol» Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Тексеру барысында оның арнайы лицензиясы жоқ екендігі анықталды. Әрі қоймадан жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, атауы өзге тілінде жазылған дәрі-дәрмектер табылды.

«Ғимараттың екінші қабатынан ешқандай санитарлық нормаларға сай келмейтін станционар ашқан. Полиция қызметкерлері тексеру барысында төменгі қабаттан жарамдылық мерзімдері асып кеткен, жалпы саны 2500-ден астам дәрілік өнімдерді тауып тәркіледі. Қазір аталған дерек бойынша тексеру жұмыстары жалғасуда», — деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support