- Advertisement -

Шуда мектеп директоры 200 адамға той жасап, қызын ұзатқан

309

- Advertisement -

Тығылып той жасайтындар азаймай тұр.

«Жақында Шудың бір мектеп директоры 200 адамға алыстан менмұндалап тұрған мейрамханада қыз ұзатқанын, тағы бір мемқызметкер бүкіл Шуды шулатып той бергенін қалайша естімейсіздер?», — дейді әлеуметтік желі белсендісі Қарлығаш Есбергенова.

«Менің бір кәсібім тоймен байланысты. Қалыңдықтарға көйлек сатамын, ән, би топтарына жетекшілік жасаймын, жалпы тойдың түрлі қызметтерімен айналысамын. Карантин басталғалы жұмысымыз тоқтады, енді көптің көргенін көріп, үйде отырған жайымыз бар. Қазір бізге керегі — тәртіп. Аты өшкір ауруға төтеп берудің басты жолы бұл. Сондықтан, «тойға тыйым салмаңдар» деп талап қою — әбестік, ал жасырынып той жасап, ел қайғырып жатқанда қиқулату — жақындарыңа деген қастандықпен пара-пар деп білемін. Қатты айтсам, айыпқа бұйырмаңыздар тойдағы «әріптестер». Бірақ, біреудің қуанышына ортақтасам деп, өзінің үйінде қара жамылған отбасылар қаншама.
Осы орайда, күніне миллиондап табыс тауып, әбден қор жинап алса да, мейрамханаларына жұртты жасырын есіктен кіргізіп, той-тапсырыстарын тоқтатпай жатқан құныққан кәсіпкерлерге тіпті қапамын. Қампиған қарны мен қомпиған қалтасынан басқа ешнәрсе қызықтырмайтын кейбір мейрамхана иелеріне тойды өткізіп, ақшасын алған соң, халық қырылып қалса да бәрібір ма деп қалдым. Көпке топырақ шашып қайтейін. Бірақ, туған жерім болған соң, жерлестеріме жаным ашып жазып отырмын. Шудағы жұртымды айтам. Вируспен қала медицинасының өзі күресуге қауқарсыз боп жатқанда, аудандағы ауруханалардағы жағдай туралы жақ ашып әуре болмай-ақ қояйын. Сонда, кімге сеніп той тойлатып жүрсіздер ағайееен?!
Жалпы, Шуда ресторан көп. Барлығы жол бойында орналасқан. Қанша жерден тойға келген көліктерді тығып қойсаң да, ғимараттың іші жұмыс істеп тұрғанын байқамай қалу қиын. Оның үстіне ауылдық жерде той жасағаныңды жасыру да мүмкін емес. Қай жерде кімнің қызы ұзатылып, кімнің ұлы үйленіп жатқанын түгел біліп отырамыз.
Ендігі сұрақ аудан басшылығы мен тәртіпті бақылайтын құзырлы органдарға: Сіздер шынымен осы жағдайдан хабарсызсыздар ма??? Әлде мәселе басқада ма??? Жақында Шудың бір мектеп директоры 200 адамға алыстан менмұндалап тұрған мейрамханада қыз ұзатқанын, тағы бір мемқызметкер бүкіл Шуды шулатып той бергенін қалайша естімейсіздер???», — деп жазды ол фейсбуктегі парақшасында.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support