- Advertisement -

Оқушыларға 11700 компьютер берілді

60

- Advertisement -

Облысымызда онлайн-оқыту үшін аз қамтылған отбасылардың балаларына 11,7 мың компьютер берілді.
Коронавирустық инфекцияның таралуына байла-нысты шектеулерге қатысты 6 сәуірден бастап еліміздегі оқушылар қашықтықтан оқыту режіміне көшеді. Бұл туралы облыстық білім басқармасы хабарлады.
Жаңа форматта оқыту түрі тек білім беру мекемелерін жоғары деңгейде компьютерлермен қамту ғана емес, сонымен қатар оқушылардың үй жағдайында да гаджеттерге қолжетім-ділігін талап етеді.
Бүгінгі таңда аймақтағы 442 мектепте 230 мыңға жуық бала білім алуда. Оның ішінде 84 проценті оқушылардың қашықтықтан оқыту түріне өтуге мүмкіндігі бар. Олардың қолда бар гаджеттерді үйде пайдалану жағдайы қарастырылған.
Бұл орайда қалған 16 процент, яғни 37,2 мың оқушы үшін қашықтықтан оқыту мүмкіндігін қамтамасыз ету жайы маңызды болып отыр. Олардың басым бөлігі аз қамтылған азаматтар санатына жатады. Аталған мәселені шешу үшін мектеп балансындағы компьютерлер 11 712 оқушыға уақытша бөлінді. Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен тағы 2 мың компьютер сатып алынған.
Сондай-ақ 17,8 мыңнан астам бала «Балапан», «Ел арна» арналары және «Qazaq radiosy» радиосы арқылы трансля-цияланатын сабақтарға қатысуы жоспарланған.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support