- Advertisement -

Басталған құрылысты сапалы аяқтаған дұрыс

41

- Advertisement -

Қазіргі таңда облыс орталығында құрылысы созылып, аяқталмаған 35 нысан бар. Мұндай нысандар қаланың сәулеттік келбетіне кері әсер етері сөзсіз. Бейсенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев сондай бірқатар нысандарға барып, иелерімен арнайы кездесті.

Мұндай құрылыстардың қатарына Абай көшесіндегі нысанды жатқызуға болады. Онда жер асты автотұрағы бар ойын-сауық орталығын салу жоспарланған. Құрылыс 2014 жылы басталғанымен, қаржы тапшылығы салдарынан тоқтап қалған. Облыс әкімі нысанның құрылысын ағымдағы жылдың мамыр айында қайта жаңғырту керектігін тапсырды.
Сондай-ақ шаһарда құрылысы 10 жылға созылған нысандар жоқ емес болып шықты. Соның бірі – Б.Момышұлы 9 мекен- жайындағы балабақша ғимараты. Екі қабатты нысан 2010 жылы салынған. Жоба жетекшісі бала-бақшаның құрылысының созылуын қаражаттың жоқтығымен түсіндірді.
Аймақ басшысы келесі кезекте Абай көшесі бойында іске асуы жоспарланған ірі жобамен танысты. Мұнда «Archiline LTD» ЖШС «Taraz towers» жайлы-класты тұрғын үй кешенін салуды жоспарлап отыр. Тұрғын үйдің жалпы аумағы 76 мың шаршы метрді құрамақ. Кешенде 1100 пәтер, 2 000-нан астам тұрақ орны, балалар алаңы, мектептен тыс білім беру мекемелері, сауда нысандары мен демалуға арналған аумақтар салынатын болады. 12 қабатты тұрғын үй кешені төрт кезеңде жүзеге аспақ. Бүгінде мұнда жер қазу жұмыстары қолға алынған.
Аталған құрылыс нысандарының иелерімен кездесу барысында Б.Сапарбаев оларды аяқтау үшін қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылық қолдау көрсету мүмкіндігі қарастырылатынын атап өтті.

Облыс әкімінің
баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support