Ішкі іріктеудің жаңа форматы – праймериз

Ішкі іріктеудің жаңа форматы – праймериз
ашық дереккөз
Ішкі іріктеудің жаңа форматы – праймериз
Праймериз – ішкі іріктеу, партияның білікті мамандары мен қызметкерлерін қалыптастыру деген сөз. Елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Бұл басқосу барысында маңызды мәселелер айтылып, шешімдер қабылданды. Соның бірі – праймериз. Ол биыл 30 наурыз бен 16 мамыр аралығында елдің барлық өңірінде жаңа форматта  өтеді. Партия праймеризін жүргізу жұмысы, қарапайым тілмен түсіндірер болсам, бұл оның барлық деңгейдегі жұмыс бөлімдеріндегі тазалықты ту еткен жоба. Себебі бұл жоба саяси тұлғалық қасиетті қалыптастыру мен оның салмағын сезінуді бойымызға берік сіңіре білуге баулиды. Жауапкершілік жүктейді. Праймериз деп аталатын бұл шарапатты шарада мәслихат депутаттығына үміткер нұротандықтар  арасынан таңдау жасалады. Праймериз жүргізудің өзіндік ережесінің жобасы да қабылданды. Ол кандидаттарды таңдау, сайлау түрінде өтеді. Партияішілік праймериз – алда күтіп тұрған аса маңызды саяси науқан. Оған дайындық жұмыстарының қазірден басталуы, Бюро отырысы басқосуында баса айтылуы орынды шешім. Алдағы уақытта праймериз жасау арқылы партия атынан және партия үшін пайымды пікір айтылатын талапты, талантты, ұшқыр ойлы, ұстанымы бар азаматтарды сайлау арқылы таңдағалы тұрмыз. Бұл науқанға дайындық өткен жылдың қараша айында барлық облыстардың бір-бір ауданында алдын ала дайындық ретінде пысықталды. Біз бұған дайынбыз. «Nur Otan» партиясының кадрлық резервіне іріктеу жұмыстары бізде алғаш рет Жуалы ауданында өткізілді. Пилоттық жоба процесі қызық әрі қиын болды деуге болады. Соған қарамастан бір айға жуық мерзімде іріктеу жұмыстарын табысты аяқтадық. Іріктеу 3 кезеңнен тұрды. Жуалыдағы дауыс беру тізіміне кірген 4497 партия мүшесімен қатар, 282 жасотандық, барлығы 4763 партия мүшесінің қатысуымен 99,6 проценті таңдауларын жасап, дауыс берген болатын. Ал алдағы науқанға облыс бойынша 60 мыңнан астам нұротандық  қатысып, нәтижесінде 700-ден астам адам іріктеледі деп күтілуде.   Балабек НАРБАЕВ, «Nur Otan» партиясы  облыстық филиалы  төрағасының бірінші орынбасары.

Ұқсас жаңалықтар