- Advertisement -

Қоршаған ортаның тазалығы ең алдымен адамдарға керек

89

- Advertisement -

Кезекті баспасөз мәслихатында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитетінің облыс бойынша экология департаментінің басшысы Бекжан Қалымбетов 2019 жылы атқарылған жұмысы туралы айтып берді.
Өңірімізде табиғатты пайдаланып отырған 4026 жеке және заңды тұлға бар екен. Олар өндіріс ошақтарының қоршаған ортаға тигізетін зиянының алдын алу бағытында жұмыс істеуде. Атап айтсақ, өткен жылы «ЕвроХим-Қаратау» мен «Азиатский газопровод» ЖШС 4 жобаны қарау жөнінде 2 рет сараптамалық кеңес өткізіп, қорытындысында шығарындылар эмиссиялары 277,98 мың тоннаға азайған. Бұдан бөлек, ҚР Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығымен, «Sinohydro Corporation Limited» және «Қазфосфат»ЖШС-мен жоба аясында шығарындылар мен қалдықтарды азайту бойынша меморандум жасалды. Сонымен қатар шығарындыларды автоматтандыру жүйесі арқылы бақылау бойынша 8 ірі өндіріс орындарымен меморандумға қол қойылған.
Департамент тарапынан ұйымдастырылған тексеру барысында 186 заң бұзушылық анықталып, кемшіліктерді жою үшін нұсқама жолданған. 103 әкімшілік іске қаулы шығарылып, 13,270 миллион теңге айыппұл салынған. Сондай-ақ экология департаментінің зертханалық-талдамалы бақылау бөлімі «Газель» автокөлігі базасындағы жылжымалы зертханамен, 54 түрлі зертханалық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бүгінде сынақтау зертханасында өндіріс шығарындылары нормативтерінің сақталуын бақылау бағытында табиғи су құрамынан – 35, шайынды су құрамынан – 45, топырақ құрамынан – 13, санитарлық қорғау аймағынан – 18, атмосфералық ауаға шығарылып тасталатын шығарындылар құрамынан 13 көрсеткіш бойынша зиянды заттар мөлшері анықталған.
– Есепті мерзімде табиғатты ластаушы көздерден 785 сынама алынып, 4369 химиялық талдаулар мен анықтау жұмыстары жүргізілді. Зертханалық зерделеу жұмысының нәтижелері бойынша қоршаған ортаға келтірілген залал үшін табиғат пайдаланушыларға 4 миллион 360 мың теңге көлемінде талап-арыз, 138632 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Қазіргі таңда 597 тұрмыстық қатты қалдықтарды уақытша сақтау алаңдарында пластмасса және пластикалық бұйымдар үшін 659 торлы контейнерлер, жарамсыз, құрамында сынабы бар электр шамдары, химиялық қуат көздері мен батареялар үшін 106 жабық контейнерлер орнатылды.
Бұдан бөлек, «Қазақстан Ғарыш Сапары»ҰК» АҚ-ның қалдықтар орналасқан жерлерді қашықтан зондтаудың ғарыштық түсірілімі бойынша облыс көлемінде 346 кездейсоқ тасталған қоқыс анықталған. Қазіргі таңда 225 кездейсоқ тасталған қалдықтар шығарылып, 67 процентке орындалып отыр.
Сондай-ақ өңірдегі күрделі экологиялық мәселелердің бірі – облыс орталығындағы кәріз жүйелерінің тазарту қондырғыларымен қамтамасыз етілмеуі. Тараз қаласында қоқыс өңдеу зауытын және типтік полигондарды салу өзекті мәселеге айналып отыр, – деді ол.
Жиын соңында ол журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Марат ҚҰЛИБАЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support