- Advertisement -

Дәуіртану мен тұлғатану ұлт тық рухани биікке көтерілді

46

- Advertisement -

Биыл Тараз қаласы және оның тарихына тереңірек үңіліп, қайта жаңғыруы жайында ғалымдар мен қаламгерлер көп жазып, жиі айтуда. Оған себеп – өткен жылдан бері ежелгі қала сәулеті мен мәдениетін түпкілікті әрі жүйелі жаңғырту мәселесінің батыл әрі ойлы шешімдермен қолға алынуы. Қаланы адамдар салып, ал қала адамдарға қызмет етуі керек болса, Тараз қаласы кейінгі жылдары бұл жағдайдан артта қалып қойған-ды. А.Мырзахметовтің мықтылығы мен сенімді қадамы осы тұста көрініп, міне, екі жылға жуық мерзімде құрметпен мойындатты және мәртебесі биік әкім екенін толық көрсетті.
Облыстың 80 жылдық тарихында қала көркін келтірген кезеңдер ішінде дәл осы жолғыдай дәуіртану мен тұлғатануды ұлттық рухани биікке көтерген уақыт тарих жазбаларында көзге көп түспейді. Көнекөз қариялар әңгімесінен де осы ерекшелікті аңғаруға болады. Ұлтымыздың ұлы перзенті Шераға – Шерхан Мұртазаның атақты «Ай мен Айша» романында Мыңбұлақ биігінен Әулиеата мұнарасына көз салып, қашан көрінгенше көз алмай келе жатқан балалық құштарлықтың суреттелетін жері бар. Бала Шерханның арманы енді орындалды. Құдіретті де аңыз адам Әулиеата тастұғыры қала мен Алатаудың биігіне көтерілді, киесі мен иесі бар екен. Қалың қазақтың қадірлісі қандай болатынын қайта-қайта айтып тұрғандай Тараз тарихы тасқа ойылып жазылды. Жұрттың да рухы бір емес, мың мәрте көтеріліп қалды.

Мейрамбек ТӨЛЕПБЕРГЕН,
облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support