- Advertisement -

Президент 2020 жылғы жұмыстың басым бағыттары жөнінде жиын өткізді

29

- Advertisement -


Президент 2020 жылғы жұмыстың басым бағыттары жөнінде жиын өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі басшылығымен 2020 жылғы жұмыстардың басым бағыттары жөнінде жиын өткізді, деп хабарлайды Ақорда.

Жиында еліміздің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуы мен сыртқы саясат жөніндегі мәселелері талқыланды. 2020 жылға жоспарланған негізгі іс-шаралар тізбесі қаралды.

 

Абайдың 175 жылдығы мен Әл-Фарабидың 1150 жылдығын атап өтуді ұйымдастыру шаралары да пысықталды.

Сондай ақ аймақтарды экономикалық және әлеуметтік дамыту жөніндегі іс-шаралар мен 2020 жылдың І тоқсанына жоспарланған маңызды мәселелер талқыланды.

Жиын қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және өзекті әлеуметтік мәселелерді шешудегі жұмыстарды күшейту бойынша нақты тапсырмалар берді.

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support