- Advertisement -

Тарихшылар қауымдастығы атынан алғыс айтамын

69

- Advertisement -

Жамбыл облысы мен оның орталығы Тараз қаласының тарихы тереңде жатқаны елімізден тыс өркениеттерге де мәлім. Осынау қойнауына құт қонған қасиетті Әулиеата шежіресі – төл тарихымыздың ажырамас бөлігі. Жаңадан ашылған «Тектұрмас» этнотарихи кешенінің еліміздің рухани өмірінде алатынын орны ерекше. Осы орайда өзінің табиғи және тарихи арнасынан ажырамаған, түпнұсқалық сипатын сақтаған мәдениет қана түрлі сындардан сүрінбей өте алатынын айта кеткен жөн. Яғни мәдениетімізді көшірме мәдениетке айналудан сақтауымыз қажет. Бұл тұрғыда күні кеше мерейтой аясында бой көтерген әрбір нысан өткен мен бүгіннің алтын арқауына айналады деген сенімдемін. Аталған игі әрі тағылымды істер арқылы біз болашағымыз – өскелең ұрпаққа да тура жол сілтеп, айқын бағдар береміз.
Сондықтан мен облыс әкіміне Қазақстан тарихшылар қауымдастығы атынан алғыс айтамын. Мерейтой өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, осындай той Жамбылда бұрын-соңды болмаған дегізетіндей, керемет өтті.
Жамбыл жері бұдан да жайнай түссін, дамып, шарықтай берсін!

Мәмбет ҚОЙГЕЛДИЕВ,
тарих ғылымының докторы,
профессор, ҚР ҰҒА академигі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support