- Advertisement -

Әулиеатаның өткен жолы өсиетке толы

83

- Advertisement -

Баттал Жаңабайұлы,Жамбыл облысының Құрметті азаматы.

Облыс 1939 жылы қазан айында құрылды. Облыстық партия комитетінің тұңғыш бірінші хатшысы болып Михаил Ткаченко сайланды. Менің ағам Атамқұл Жаңабаев облыстық соттың тұңғыш төрағасы болды. Біз ол кезде 11-12 жастағы баламыз, мектеп оқушысымыз ғой. Біраз деректі кейін білдік. Өңіріміз Алматы мен Түркістан облысынан енші алып, бөлінді. Қазіргі Түркістан облысынан Жуалы ауданы, Алматы облысынан Қордай мен Шу ауданы қосылды.
Ал облыстық «Сталиндік жол» газетіне 1934 жылдан бастап, Ғайса Сармурзин 17 жыл бойы бас редактор болды. Кейіннен мен осы газетті 20 жылдан астам уақыт басқардым. Ол жылдар да облыс тарихының бір бөлшегі. Осы кезде Асанбай Асқаров, Хасан Бектұрғанов деген азаматтар облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып, өңірдің экономикалық-әлеуметтік жағдайын жақсы белестерге көтергені белгілі. Облыстық газет халықтың үні, сөзі ретінде сол еңбектерді бұқараға насихаттап отырды. Ол жылдары ауыл шаруашылығы өркендеді. Егіншілік дұрыс жолға қойылып, малдың басы еселеп өсті.
Биыл – облыстың 80 жылдығы. Осы мереке қарсаңында өңірде атқарылып жатқан игі істерді, Тараз қаласының қалай тотыдай таранып, жасарып, түрленгенін көзіміз көріп отыр. Бұл игі істер, көз алдымызда Тараздың өзгеріп, дамуы облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің іскерлігі, бастамашылдығы, мол тәжірибесімен мүмкін болып отырғанына куәміз. Өңірдің өркендегеніне, Тараздың гүлденгеніне тек қана қуанып, риза боламыз.
Қазіргі таңда түрлі ардагерлер кеңесінде мыңдаған алдыңғы толқын қоғамдық жұмысқа араласып жүр. Баршаны қуантып жеткен 80 жылдық тойға олардың да жылдар бойы қосқан қомақты үлесі бар. Осы 80 жылдыққа облыс толайым табыстармен, жақсы жетістіктермен жетіп отыр. Табыстарға алдыңғы толқын біздің көңіліміз толады. Осы жетістіктерді облыс халқына насихаттауда менің әріптестерім, ізімді басқан іні-қарындастар, еңбекке жаңа араласқан жас журналистер де өз үлесін қосуда. Облыс журналистикасының ардагері ретінде бүгінгі журналистикаға да, жастардың әлемдік өркениет көшіне ілесе алғанына, бірнеше тілді меңгерген журналистер легі қалыптасқанына көзіміз жетті. Білімді жастарымыз алдағы уақытта бұдан да биік табыстарға жетеді деген сенімім зор. Біздің кезімізде газет шығару жұмысы өте қиын болды. Баспахана жағдайы да басқаша еді. Қазіргі таңда редакциялардың бәрі компьютерленген. Жаңаша бағытта түрленуде. Бұл да 80 жыл ішінде қалай өркендеп жатқанымызға дәлел бола алады. Облыстың жасы үлкен ақсақалдарының бірі ретінде барша тұрғындарды 80 жылдық мерекемен құттықтап, әр отбасыға таусылмас табыс, бақыт, денсаулық, амандық тілеймін. Жамбыл жерінің өркендей береріне сенімім мол.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support