- Advertisement -

Облыстық мәслихат депутаттарының назарына!

36

- Advertisement -

Алтыншы шақырылған облыстық мәслихаттың кезекті қырық бірінші сессиясы 2019 жылдың 12 желтоқсанында облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 12.00-де келесі күн тәртібімен өтеді:
1. 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.
2. «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы №30-3-шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3. Су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану, суармалы жерлердің көлемін арттыру, гидротехникалық нысандардың жағдайы, суды пайдалануды жақсарту және озық әдістерін қолдану жөнінде атқарылып отырған жұмыстар туралы.
4. Облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс, көлік және коммуналдық салаларды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі.
5. Әртүрлі мәселелер.
* * *
Облыстық мәслихат тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) 2019 жылдың 12 желтоқсанында сағат 9.30-да өтеді.
* * *
Депутаттарды тіркеу 2019 жылдың 12 желтоқсаны күні сағат 9.00-де басталады.

Облыстық мәслихаттың хатшысы
Б. Қарашолақов

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support