- Advertisement -

Жеті күнде жасыл шөп өсіріп шығарады

63

- Advertisement -

Кәріқорған ауылының тұрғыны Гүлназ Пиржанова гидропоника әдісімен небәрі жеті күн ішінде жасыл шөп өсіріп шығарады. Оны бір мезетте мал азығы мен жем орнына қолдануға болады. Жаздың шіліңгір аптабы да, қыстың қытымыр аязы да жасыл жем-шөп өсіру үшін аса қиындық туғызбайды.
Гидропоника дегеніміз – өсімдіктерді топырақсыз, жасанды қоректендіргіш ортада өсіру. Мұны ғарыштық технология десек те болады. Яғни, инновациялық тың жоба. Жобаның артықшылығы – 1 килограмм бидайдан және басқа да дәнді дақылдардан 7 күнде 7-10 килограмм балғын көк азық дайындалып, шөп әрі жем орнына беріледі. Осылайша, шаруалар төрт түлігін қаржы үнемдеп, таза әрі құнарлы жем-шөппен азықтандыра алады. Сонымен қатар, бұл адам денсаулығына да өте пайдалы екен.
– Бұл істі қолға алғалы 4-5 айдың жүзі болды. Мүйізді ірі қараға беретін жемге шығын көп жұмсалады. Жем бермесең, сауынды сиырдан көп сүт алу қиын. Сондықтан да мал азығының тиімді жолын тауып, қазіргі таңда өзіміздің малдарға беріп отырмыз. Бұл гидропоника әдісімен алғашында жолдасым айналысқан болатын. Кейіннен менің де қызығушылығым артып, бүгінде кәсіп түріне айналдырып отырмын.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 505 мың теңге грант ұтып алып, Алматы қаласына арнайы курстарға барып, толыққанды үйреніп келдім, – дейді Гүлназ Ізбасарқызы.
25 жасар жас кәсіпкер сондай-ақ, алдағы уақытта осы істі өркендетіп, ауылдағы шаруа қожалықтарын мал азығымен, ал тұрғындарды көкөніс пен жеміс-жидекпен қамтитын ауқымды жылыжай ашу мақсаттары екендігін айтты.

Жазира ТОҚАБАЕВА,
«Атамекен» ҰКП аймақтық филиалының бизнес жаттықтырушысы.

Жуалы ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support