- Advertisement -

Үкімет жамбыл облысындағы қанатқақты жобаны қолдады

25

- Advertisement -

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов сейсенбідегі Үкімет отырысында халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуда қолға алынып жатқан жұмыстарды баяндады

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов Үкімет отырысында Жамбыл облысы тұрғындарының табысын арттыру бойынша қанатқақты жобаны таныстырды. Өңірде тұратын 1 миллион 125 мың халықтың 60 пайызы ауылда тұрады. Бұл – 680 мың адам.

Тауарлы шаруашылықтарда 55 мың адам еңбек етсе, 122 мың адам бюджеттік және өзге де мекемелерде жұмыс атқаруда. Яғни 177 мың адамның белгілі дәрежеде тұрақты табысы бар. Ал қалған 151 мың халық әлеуметтік төлемдер мен маусымдық жұмыстардан, қосалқы шаруашылық есебінен күнелтуде. Қолданыстағы бағдарламалармен жыл сайын 35-37 мың адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылады. Осы орайда, ауылды жердегі халықты жаппай жұмыспен қамтудың бірден-бір жолы – қосалқы шаруашылыққа қолдау көрсетіп, дамыту. Талдау көрсеткендей, қосалқы шаруашылықтар өндіріс пен табыс көзі. Облыстың жалпы ауыл шаруашылық өнімінің 43 пайызын, ал сүт пен еттің 60 пайызын осылар мемлекет қолдауынсыз өндіреді. Сондықтан ауыл тұрғындарының табысын жақсарту үшін қосалқы шаруашылықтарды қолдауға бағытталған мақсатты мемлекеттік саясат қажет екенін атап көрсетті облыс әкімі.
Асқар Исабекұлы Елбасының және Президенттің халық тұрмысын жақсартуға қатысты берген тапсырмаларының аясында облыстағы барлық елді мекендегі 138 мың аула толық зерделенгеніне назар аудара келе, бір үйдің ай сайынғы қосалқы шаруашылықтан орташа табысы 25-30 мың теңгені құрайтыны анықталғанын жеткізді. Сонымен бірге, айына 500 мың теңге тауып отырған қосалқы шаруашалықтар да бар екен.
Табыстың төмен болуының себебі – ұйымдастыру мәселелерінің шешілмегендігінен орын алып отырғанын да жасырмады. Атап айтқанда, орталықтандырылған сатып алу, сақтау, алғашқы өңдеу, тасымалдау, материалдық-техникалық жабдықтау, жем-шөптің жетіспеушілігі, қолжетімді қаражаттың жоқтығы және тағы басқа мәселелер.
Талдау нәтижесі мен тұрғындардың ұсыныстарын ескере отырып, халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған 5 бағыт қарастырылып отырғанын жеткізген облыс әкімі оның әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтті.
Бірінші – үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалану; екінші – үй ауласында мал және құс өнімділігін арттыру; үшінші – ауыл сыртындағы пайлық үлес жерлерді ұтымды пайдалану, сол арқылы жемшөп, жайылым мәселесін шешу; төртіншісі – қосалқы шаруашылықтардың тиімділігіне қолбайлау болып отырған мәселелерді кооперативтер арқылы шешу; бесінші – ауылдағы шағын жобаларды қаржыландыру.
Осы 5 бағыт бойынша жалпы құны 46,4 миллиард теңге көлемінде 31 мыңнан астам жобаны іске асыру мүмкіншілігі анықталыпты. Бұл шаралармен мынандай нәтижелерге қол жеткізуге болады екен. Мәселен, 131 мың отбасы немесе 600 мыңнан астам адам айына орташа есеппен 128 мың теңге көлемінде тұрақты табыспен қамтылады. Бұл – бүгінгі деңгейден 4 есе жоғары, 68 мың өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар жеке кәсіпкерге айналса, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 34 пайызға ұлғаяды. Сүт пен етті қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 30 пайызға артып, жаңа өңдеу кәсіпорындарын құруға мүмкіндік ашылады. Сонымен қатар, ауылдағы үй іргесіндегі және пайлық жерлердің тиімділігі артады. Асқар Исабекұлы бұдан басқа да маңызды мәселелер шешімін табатынын да жеткізді.
– Жобаның ауқымын және қаржы мәселесін ескере отырып, бірінші кезеңде, биыл әр ауданнан бір ауылдық округте бастауды ұсынамыз, жалпы саны 10 ауылдық округ 23 елді мекен. Бұған 7,2 миллиард теңге қажет. Екінші кезеңде, 2020-2021 жылдары қалған 143 ауылдық округке 39,2 миллиард теңге қажет болады. Бірінші кезеңде 42 мың адамды құрайтын 7 мың аула қамтылады. Нәтижесінде келесі жылдың қорытындысымен қосалқы шаруашылықтан түсетін орташа айлық табыс 41 мыңнан теңгеден 104 мың теңгеге дейін өспек, арғы жылдары ол бұдан да артатын болады,-деді облыс әкімі.

Амангелді Әбіл

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support