- Advertisement -

Құжат тар құндылығын бағалауды үйрет ті

37

- Advertisement -

Тараз қалалық мемлекеттік архивінің мәжіліс залында аталған архив мекемесі мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ақпараттық және әкімшілік технологиялар институтымен бірлесіп, «Істер номенклатурасын жасау және құжаттарды қалыптастыру», «Құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу» тақырыптары бойынша семинар-кеңес отырысы өтті.

Жиынды Президент жанындағы Ақпараттық және әкімшілік технологиялар институтының директоры Барис Жапаров ашып, жүргізіп отырды. Алғашқы күні Президент архиві құжаттармен жұмыс және жинақтау басқармасының басшысы Жәнібек Зейнелов «Істер номенклатурасын жасау және құжаттарды қалыптастыру» тақырыбында ой қозғап, келушілермен тәжірибесін бөлісті.

Семинар жұмысына Тараздан және әр ауданнан тек архив саласының ғана өкілдері емес, құқық қорғау саласының, басқармалардың, медициналық мекемелердің, колледждердің өкілдері қатысты. Бұл жиын екі тарапқа да тиімді болды.

Келесі күнгі жиын Президент жанындағы Ақпараттық және әкімшілік технологиялар институты директорының орынбасары Тараза Әбілованың басқаруымен өтті. Онда Ақпараттық және әкімшілік технологиялар институтының өкілі Ажар Сәлменбаева «Құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу» тақырыбы бойынша шеберлік сабағын өткізіп, қатысушыларды көптеген мәліметпен хабардар етті. Ол жергілікті архивтерде құжаттың сақталу мәселесі, оны келушілерге тиімді ұсыну, газетке шыққан маңызды материалдарды сақтап қою жолдарын жан-жақты түсіндіріп өтті.

Екі күндік жиын соңында семинарға белсене қатысқандарға арнайы сертификат берілді.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support