- Advertisement -

Жамбыл жастарының жобалары назарда

26

- Advertisement -

Камила БОРАШОВА

Табиғатты аялау – адамзаттың басты парызы. Бүгінде әлемді алаңдатып отырған мәселе де – қоршаған ортаны ластанудан сақтау. Елімізде жүзеге асырылып жатқан «жасыл экономиканың» қоғамға берер пайдасы орасан зор. Үнемдеу мен ысырап етпеу – басты мәселе, сондықтан мемлекетіміздің табиғи ресурстарын тиімді пайдалануымыз қажет. Осы тұрғыдан алғанда «жасыл экономика», бұл – үлкен мүмкіндіктер бастауы.
Осыны ескерген сала мамандары жуырда Қарағанды қаласында жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілердің «Табиғатты аяла» тақырыбында республикалық форумын өткізді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараға облысымыздан 7 оқушы қатысып, үздік атанды.
Өзге өңірлерден келген үміткерлерден оқ бойы озық шыққан облыс командасы жүлделі бірінші орынды иеленіп, жеңімпаз атанды. Оларға 6 аталым бойынша бағалы сыйлықтар мен грамоталар табысталды.
Байқауда қатысушылар қоршаған ортаны таза ұстау, көгалдандыру бағытындағы тың идеяларын ортаға салды. «Туған өлкені зерттейміз», «Жасыл экономика», «Денсаулық және қоршаған орта», «Экоәлем» және «Жас оазис» аталымдары бойынша тың жобаларын да таныстырды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support