- Advertisement -

Дәулетхан Жақып – жеңімпаз

81

- Advertisement -

Тараз қаласындағы «Олимпик» спорт кешенінде қазақ күресінен Елбасы-Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін өтетін дәстүрлі «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің облыстық іріктеу кезеңі өтті. Турнирдің ашылу салтанатында облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков сөз сөйлеп, балуандарға сәттілік тіледі. Облыстық іріктеуге 20 балуан қатысып, шын мықтыны анықтады.
Бірінші белдесуде «Қазақстан барысының» қола жүлдегері Айбол Айтбек пен мойынқұмдық Сұлтан Зарықбай кездесті. Айбол өзінің мықтылығын дәлелдеп кетті. Сарысулық қос балуан Асылхан Оспанов пен Ертуған Төренов арасындағы белдесуде Ертуғанның мерейі үстем болды. Келесі айналымда Айбол Айтбек, таластық ағайынды балуандар Дәулетхан Жақып, Шыңғысхан Жақып, меркілік Жамбыл Тұрғыналиев өз қарсыластарын мерзімінен бұрын ұтты. Ширек финалда Айбол Айтбек Шыңғысхан Жақыпты, Ғалымжан Қырықбаев Жамбыл ауданынан келген Жасұлан Көрпебайды жеңсе, жуалылық қарсыласын ұту үшін меркілік Жамбыл Тұрғыналиевқа 11 секунд жеткілікті болды. Таластық Дәулетхан Жақып та 20 секундта меркілік Ерасыл Әзімханның жауырынын жер иіскетті.
Жартылай финалда Айбол Айтбек те, Дәулетхан Жақып та қарсыластарынан айласын асырды. Финалда Дәулетхан Жақып пен Айбол Айтбек негізгі бес минутты тең аяқтады. Лайықты қарсыластар бір-бірін ала алмады. Ал қоян-қолтық белдесуде Дәулетхан әдіс жасап, жеңіске жетті. Сөйтіп, 2016 жылғы «Қазақстан барысы» республикалық турнирінде кеткен есесін қайтарды. Үшінші жүлде үшін болған бәсекеде Жамбыл Тұрғыналиев Ғалымжан Қырықбаевты ұтты. Сонымен таластық Дәулетхан Жақып 2019 жылғы облыстық іріктеу турнирінің жеңімпазы атанды. Тараздық Айбол Айтбек екінші тұғырда. Меркілік Жамбыл Тұрғыналиев үшінші жүлдені иеленді. Енді Дәулетхан мен Айбек 6 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Қазақстан барысы» турниріне қатысады.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support