- Advertisement -

Корея президентінің Қазақстанға сапары. Мемлекет басшылары нені талқыламақ

23

- Advertisement -

Сәуірдің 21-23 күндері Қазақстанға Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин алғашқы мемлекеттік сапарымен келеді, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея басшысымен келіссөздер жүргізу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалар бойынша екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ, бірқатар аймақтық және халықаралық өзекті мәселелерді талқылайды.

Сондай-ақ, сәуір айының 24 күні Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келетін Мажарстанның Премьер-министрі Виктор Орбанмен келіссөздер өткізеді.

Екі жақты кездесудің бағдарламасы бойынша қазақ-мажар ынтымақтастығына және аймақтық, халықаралық ахуалға қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланады деп күтілуде.

zakon.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support