Елімізде Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады 

Қазақстанда Наурыз мейрамының қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы Наурыз мейрамы қарсаңында, «Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, қосымша біржолғы пойыздар іске қосылады:

— №202/201 Астана-1-Павлодар, Астана-1-ден 20, 24 наурыз күндері жөнелтіледі, ал Павлодардан 21, 25 наурыз күндері кері шығады;

— №204/203 Астана-1-Алматы-1, Астана-1-ден 20, 24 наурыз күндері, ал Алматы-1 ден 21, 25 наурыз күндері;

— №205/206 Алматы-2-Арыс-1, Алматы-2- ден  21 наурыз күні, ал Арыс-1 -ден  23 наурыз күні;

— №241/242 Қызылорда-Атырау, Қызылордадан 20, 22, 24 наурыз күндері, ал Атыраудан 21, 23, 25 күндері кері бағытта жүреді.

Сонымен қатар, №49/50 Алматы-2 — Орал бағытындағы пойыздың қосымша құрамы Алматы-2-ден 13 наурыз күні шықса, Орал қаласынан 16 наурызда кері сапарға шығатыны айтылады.

tengrinews.kz

Comments are closed.

микро займ на карту