- Advertisement -

Жазғы таң

159

- Advertisement -

Наурызбек
САРША.

Алакеуім. Сейілді қараң аумақ,
Алтын нұрға алғандай далам аунап.
Алмадайын көрініп көкжиектен,
Алқызыл күн келеді шала лаулап.

Көрінді күн жамылып нұр шапанын,
Көркем деп ойлаппын ба мұнша таңым?!
Көрпесін серпіп жердің періштелер,
Көктен төмен шашып жүр күн шапағын.

Тамызғы шақ… білінді таң шығыстан,
Тамған жасқа жердегі тамшы құштар.
Тамырымды иітіп бара жатыр,
Тамылжытып сайраған әнші құстар.

Мең-зең қылған күтемін уақыттан не?
Мен отырмын меңіреу батып халге.
Мекендеген мөлдір шық шөптің басын,
Меруерт пе, лағыл ма, жақұт па әлде?!

Таңғы самал не деген тартымды еді,
Тандырды естен өпкен сол салқын лебі.
Таңдандырып таңымның табиғаты-ай,
Таңып қойды сезімге бәлкім мені.

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support