- Advertisement -

Марстан су табылды

157

- Advertisement -

Марстың оңтүстік полюсінен бетін қалың мұз жапқан көл табылды. Бұл туралы Еуропа ғарыш агенттігі хабарлады, деп хабарлайды ru.euronews.com сайты.
Мамандарлың пікірінше, бұл қызыл планетада сұйық күйінде судың барын растайтын алғашқы бұлтартпайтын айғақ зерттеу жиілігі төмен Marsis радары арқылы жүргізілді. Оның міндеті – электромагнитті толқындардың сәуле шығаруы және шағылысқан сигналды зерттеу көмегімен суды іздеп табу.
Ғалым Роберто Оросейдің айтуынша, олар басқа жерлерге қарағанда оңтүстік полюстің маңайынан қатты сигналды анықтаған. «Марстың оңтүстік полюсінен алыста тіркелген сигналдардан да қатты жарық аумақты анықтадық. Мұны ешқандай да құрғақ материалмен түсіндіре алмайсың. Біз жалғыз мүмкін болатын түсініктеме деп судың сұйық күйінде бар болуы деген тұжырымға тоқтадық», – деді ол.
Ғалымдар көлдің диаметрі 20 шақырым болады деп болжауда. Қызыл планетаның бетінен 1,5 км терең. Ол ғарыштық сәулелерден қорғалған және мамандар мүмкін болатын өмір сүру формасының жағдайына сай келетінін айтып отыр.
Осы радармен 2005 жылы басталған зерттеу жұмыстары «Рома тре», «Сапиенца» және Пескары университеттері ғалымдарының қолдауымен жүргізіліп келеді. Олар бұл судың өзгермейтін түрде бұрыннан бар болғанын айтып отыр. Бұдан бөлек, Марста мұндай көл жалғыз емес екенін, оңтүстік полюста тағы да көлдер болуы мүмкін екенін атап өтті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support