- Advertisement -

Қанат Ислам «Конфедерация кубогы — 2018» жарысының жеребе тарту рәсіміне қатысты

394

- Advertisement -

Қанат Ислам «Конфедерация кубогы - 2018» жарысының жеребе тарту рәсіміне қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін Астанада «Конфедерация кубогы-2018» жарысының жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеребе тарту рәсіміне кәсіпқой бокста жүрген белгілі боксшылар Қанат Ислам мен Мадияр Әшкеевтер қатысты.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен қолға алынған бірегей жоба биыл үшінші рет ұйымдастырылғалы отыр.

Жарыстың басты ерекшелігі — көрермендер сайыстың бокс, грек-рим, еркін күрес, дзюдо, қазақ күресі және таеквондо сияқты спорт түрлері бойынша бір мезетте тамашалай алады.

17 команда 4 топқа бөлініп қазан айында Семей, Талдықорған, Атырау және Петропавл қалаларында іріктеу кезеңдерін өткізеді. Іріктеу кезеңінен іркілмей өткен үздік командалар желтоқсан айының 8-9 аралығында Алматы қаласында өтетін ақтық кезеңде бақтарын сынайтын болады.

Жеребе нәтижесі мынадай:

А тобы: Семей (ШҚО), Қостанай облысы, Батыс Қазақстан облысы, Павлодар облысы

B тобы: Талдықорған (Алматы облысы), Ақтөбе облысы, Қарағанды облысы, Астана, Шымкент

С тобы: Атырау облысы, Алматы қаласы, Жамбыл облысы, Маңғыстау облысы

D тобы: Петропавл (СҚО), Ақмола облысы, Қызылорда облысы, Түркістан облысы

Айта кетсек, Конфедерация Кубогы — ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен қолға алынған бірегей тың жоба. Жарыстың жалпы жүлде қоры 145 миллион теңгені құрайды.

kazinform.kz

 

Қанат Ислам «Конфедерация кубогы - 2018» жарысының жеребе тарту рәсіміне қатысты
Қанат Ислам «Конфедерация кубогы - 2018» жарысының жеребе тарту рәсіміне қатысты

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support