Жасай бер, Жасөркенім!

149

Тараздың іргесіндегі Жамбыл ауданына қарасты Жасөркен ауылының тумасымын. Бұл ауыл Талас өзенінің жағасында жатыр. Ертеректе таудан аққан су жер бетін кесілген талдың діңгегі құсатып шайғандықтан, округ әуелі Діңгек ауылдық кеңесі болып құрылып, құрамына Жасөркен, Қызылқайнар ауылдары кірген екен. Ал 1930 жылы облыстан барған өкіл, педагогика ғылымдарының докторы Төлеген Тәжібаев «Өсіп келе жатқан ауыл екен, аты «Жасөркен болсын» депті. Тұрғындар бұл шешімге қолдау білдіріпті.
Елді мекеннен мемлекет және қоғам қайраткерлері Қаратай Тұрысов пен Төлеген Тәжібаев шыққаны белгілі. Қазір мұнда мыңнан аса түтін болса, Қалтай Ахметова, Бәтес Асылбекова, Рахат Әбдірайымова бастаған «Алтын алқа» иегерлерінің саны біразға жетеді. Барлық адам ұстаздың алдынан өтеді десек, жоғары оқу орындарында 35 жыл сабақ берген, профессор Қалимолла Бейсеуов те, 40 жыл ұстаз болған, ҚР Білім беру ісінің үздігі Тілеукүл Сейталина да, оның қызы техника ғылымдарының докторы Ғалия Сейталина да – Жасөркеннің мақтаныштары. Тілеукүлдің ағасы Әбдімұхамед Сейталин ақын еді. Т.Сейталина ағасының екі мыңнан астам өлеңін сақтап жүр екен. Ол, әрине, бөлек әңгіме.
Менің әкем Жалтай Тілешов Ұлы Отан соғысына қатысқан кісі. Польша, Чехославакия, Австрия мемлекеттерін жаудан азат етуде қайсарлық көрсеткен адам. Оның немересі Мұрат Тілешов – елімізге танымал футболшы, еліміздің бес дүркін чемпионы болды.
Міне, осы азаматтардың барлығы кішкентай ғана Жасөркен ауылынан шыққан. Бұл табиғаты көркем ауылдан әлі талай дарындар мен ғалымдар, тұлғалар туатынына сенемін.

Әзімбек ТІЛЕШОВ,
облыстық тарихи өлкетану музейінің қызметкері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.

микро займ на карту