- Advertisement -

Жеңімпаздар Бурабайда бақ сынайды

168

- Advertisement -

Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Burabay summer fest» халықаралық балалар мен жасөспірімдердің телевизиялық фестивалі 15 маусым – 4 шілде аралығында Ақмола облысы Бурабай демалыс аймағында өткізіледі. Фестивальдың ережесіне сәйкес, облыстық іріктеу кезеңі мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықта өтті.
Тараз қаласы және аудандардан жиналған 250-ден аса талапкер «Дәстүрлі ән айту», «Көркемдік оқу», «Ансамбльде ойнау», «Хореография», «Вокал», «Аспапта ойнау» аталымдары бойынша шын жүйрікті анықтады. Қазылар алқасының шешімімен «Аспапта ойнау» аталымы бойынша Жамбыл ауданының үміткері Сұлтан Әлімқұл (домбыра аспабы) мен байзақтық Қалмырза Рахымбердиев (аккордеон) бас жүлдені иеленді. «Ансамбльде ойнау» аталымында да Жамбыл ауданының «Көкіл» домбырашылар ансамблі жеңімпаз атанды. «Хореграфия» аталымы бойынша меркілік «Жібек жолы» би тобының өнері өзгелерден оқ бойы озық тұрды. «Вокал» аталымында жеке дауыста облыстық іріктеу кезеңі мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың тыңдаушысы Әрсен Сәрсебек бас жүлдені олжалады. «Топтық вокал» аталымында аталған орталықтың «Балапан» тобы топ жарды. «Көркемсөз оқу» бойынша тараздық Бақдәулет Нұртаев, «Дәстүрлі ән» аталымында тараздық Дилназ Ералиева бас жүлдені иеленді.
Осы жеңімпаз оқушылар 15 маусым – 4 шілде аралығында Ақмола облысы Бурабай демалыс аймағында өтетін «Burabay summer fest» халықаралық балалар мен жасөспірімдердің телевизиялық фестиваліне жолдама алды.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support