- Advertisement -

ЕҢ ҮЗДІК КІТАП ОҚИТЫН КОЛЛЕДжді білесіз бе?

264

- Advertisement -

Облыс әкімдігі білім басқарма­сының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ең үздік кітап оқитын колледж» байқауы өтті.
– Бұл шара жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру арқылы интеллектуалды қабілетін дамыту, оқырмандар арасында кітап оқуды белсенді түрде насихаттайтын білім беру мекемелерін анықтау, оқу саласында үздік инновациялық жұмыс тәжірибесі базасын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды, — дейді аталған басқарманың оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Мадина Белқожаева.
Бұған дейін аудандық және қалалық іріктеу кезеңінен өткен кітапханашылар төрт номинация бойынша сынға түсті. «ХХІ ғасыр кітапханасы» аталымында үміткерлер өз оқу орындарындағы кітапхананың жұмысын таныстырса, «Кітапхана — оқырман елі» кезеңінде кітапханашылардың жеке жұмыстары назарға алынды. Кейінгі «Оқырман ұлт – елдің болашағы», «Ізден, талаптан – оқырман!» кезеңдерінде білім ұяларының студенттері белгілі ақын-жазушылардың шығармалары бойынша қойылымдар әзірлеп, өнерлерін ортаға салды.
Шара барысында аудандық, қалалық кезең жеңімпаздарының шығармашылық жұмыстары ұсынылып, жастар оқуы тиіс «100 кітап» тізімі бойынша қазақ әдебиеті, шетел әдебиеті, орыс әдебиеті бойынша сауалнамалар, әдеби ойындар өткізілді.
15 команда қатысқан сайыстың нәтижесінде бас жүлдені Жамбыл политехникалық жоғары колледжі иеленіп, оқу орнының кітапхана меңгерушісі Гүлдариха Жаңабаеваға интерактивті тақта мен ноутбук тапсырылды.
Ал І орынды Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі иеленсе, келесі жүлдені Жамбыл экономика және ақпараттық технологиялар колледжі мен Жаңатас көпсалалы колледжі бөлісті. Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Мұратхан Әлімхан

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support