- Advertisement -

Талапты жастарға таптырмас мүмкіндік

115

- Advertisement -

Нарықтық қатынастар алға шыққан кезеңде сананы тұрмыс билеуі – заңды құбылыс. Елдегі ішкі тұрақтылықты нығайту үшін әлеуметтік мәселелер шешімін табуы тиіс. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетіндегі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінің мәнін түсіндірген жиында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мәди Мәтен мемлекеттік әлеуметтік саясатты нығайтуға бағытталған бес бастаманың мән-маңызына тоқталды.

Елбасы көтерген бес мәселенің жастарға зор мүмкіндік беретінін атап өткен Мәди Мейірбекұлы бірінші бастама бойынша әзірленіп жатқан «7-20-25» бағдарламасының тиімділігін тілге тиек етті. Пәтер алу кезегіндегі азаматтарға берілетін несие мөлшерлемесі – 7, алдын ала төлем 20 пайызға дейін азайтылып, ал өтеу мерзімі 25 жылға дейін ұзартылуы қазақстандық әр отбасының баспанаға қолжетімділігін арттыратыны сөзсіз. Бұл, әсіресе болашақ маман, жас отбасы атанатын студенттер үшін маңызды. Сондай-ақ басқарма басшысы «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» атты екінші бастаманың білім қуған жастар арасында үлкен серпіліс туғызғанын атап өтті.
– Бүгінде облыстағы жоғары оқу орындарында 2618 студент мемлекеттік грантпен, 293 жас әріптестік грантпен, 2638 білімгер 30-дан 100 пайызға дейінгі жеңілдікпен білім алуда. Бұл ретте гранттарды бөлу, қажетті техникалық мамандықтарға талдамалық жұмыс жасау қажеттілігі туындайтыны белгілі. Өңір басшысы бізге облыстағы еңбек нарығының нақты сұранысы бойынша мамандарды даярлау үшін қосымша шаралар қабылдауды міндеттеп отыр. Сонымен қатар жоғары оқу орындарына мемлекеттік грант мөлшерін 4000-ға, жеңілдіктермен оқитындар санын 3000-ға жеткізу көзделуде. Мәліметке сүйенсек, аймақтағы білім ордаларында 21 580 студент білім алуда. Олардың екеуінде жалпы сыйымдылығы 1264 орынға арналған жатақхана бар. Десек те жатақханаға мұқтаждық азаяр емес. Солардың өтінішін қанағаттандыру мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деді Мәди Мәтен.
Кездесуде төртінші бастама арқылы шағын несие берудің тиімділіктері артып, көптеген талапты адамдарға өз ісін ашуға мүмкіндік туатыны сөз болды. Болашақта кәсіпкер болып, еліме пайдамды тигізсем деген ниеті бар жастар көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдап, толымды жауаптар алды.

Жанғазы АХМЕТ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support