- Advertisement -

Мұратхан Тоқмәдидің қашуы : Оқиғаның мән-жайы 

108

- Advertisement -

Әлеуметтік желілерде Мұратхан Тоқмәдидің қашып кеткені жайлы мәлімет таралып жатыр, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.  Бұл мәліметтерге сенсек, Тоқмәди Тараздағы облыстық ауруханадан қашып кеткен.  «08.03.2018 жылы кешкі 19.30 бен 20.00 арасында Тараздағы облыстық ауруханадан Мұратхан Тоқмәди белгісіз бағытта қашып кеткен, ол адам өлтірді деген айыппен қамауда болған. Ол тізеге дейін түсетін қара күрте мен джинс киген, аяғында не туфли, не кроссовка болған», — делінген хабарламада.  Tengrinews.kz редакциясы ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне осы мәліметке қатысты сауалхат жолдады.  Кейін Tengrinews.kz тілшісі Мұратхан Тоқмәди қашып кетті делінген ақпарат тарағаннан кейін Таразда қандай жағдай болып жатқанын анықтады. Қазіргі уақытта Алматы мен Шымкентке шығар жолдың барлығы жабылған. Шығып жатқан көлік құралдары тексеріліп жатыр. Көлік салоны мен жүксалғышы тексеріліп жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support