- Advertisement -

Уақыт пен қаржыны үнемдеуге зор мүмкіндік

103

- Advertisement -

Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «Жүк қозғалысын онлайн режімінде бақылап, олардың кедергісіз тасымалдануы үшін және кедендік операцияларды жеңілдету мақсатымен блокчейн сияқты цифрлық технологиялардың ауқымды түрде енгізілуін қамтамасыз ету қажет. Заманауи шешімдер логистиканың барлық буынының өзара байланысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді» деп атап өтіп, кедендегі кедергілерді жоюды тағы да міндеттеп берді.

Бұл тапсырманың орындалу қарқыны көңіл қуантады. 2017 жылдың 26 желтоқсанында Елбасы кедендік реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодексіне қол қойды, яғни 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» жаңа Кеден кодексі күшіне енді. Бұл кодекстің дайындалуына бизнес-қоғамдастық қатысып, 500-ден аса ұсынысы енгізілді.
Кодекстің өзінде адам факторының қатысуын азайтуға және электронды декларациялауға басымдық берілген. Қазақстан бизнес-қоғамдастығының тікелей қатысуымен дайындалған құжат кедендік рәсімдеу процедураларын жеңілдетіп қана қоймай, уақыт пен қаржының шығынын төмендетуге бағытталған. Аталған кодексте электрондық кедендік декларациялауға аса басымдық берілген. Сондай-ақ кедендік декларацияларды кеден органдарының лауазымды тұлғаларының қатысуынсыз – ақпараттық жүйелерді қолданумен автоматты түрде тіркеу және шығару мүмкіндігі қарастырылыпты. Бұл ретте кедендік операцияларды жасауды жылдамдату мақсатында бір уақытта бірнеше кедендік операциялар кезінде қолданыла алатын қосымша алдын ала ақпаратты ұсыну көптеген сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға үлкен жеңілдік. Ал бизнесті жүргізуді оңайлату мақсатында СЭҚ қатысушыларына кедендік бажын кейін төлеу немесе бөліп төлеу мүмкіндігі ұсынылады.
«Орталық Азиялық қант корпорациясы» ЖШС бірнеше жылдан бері Жамбыл облысының сыртқы экономикалық қызметке қатысушысы ретінде тіркеліп, тауарлардың экспорт-импорттық операцияларын жүзеге асырып келеді.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті ендірген электронды декларациялаудың Астана-1 ақпараттық жүйесі экспорт режімі бойынша іске қосылды. Осы жүйе арқылы «жасыл дәліз» ашылып, кедендік операциялар уақыты едәуір қысқарды.
Бұл жаңа жүйе Бүкіләлемдік сауда ұйымының талаптарына және Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың жаңа кеден заңнамасына сәйкес сауданы жеңілдету мақсатында жасалғандығын сезіндік.
Облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне бағыныстағы «Тараз-кедендік рәсімдеу орталығы» кеден бекетінің қызметкерлері жаңа кодекстің талаптарын жіті түсіндіріп, кей кезде орын алған түйткілді мәселелерді талапқа сай қарастыруға қолұшын беріп отырады. Тәуліктің қай кезінде болса да, кедендік рәсімдеулер бойынша көмектерін аямай, мәселелерді мерзімінде қарап, кедендік операцияларды оңтайлы орындауға көмектерін аямайтын бекет мамандарымен Елбасы Жолдауындағы міндеттерді орындауда бұдан әрі де жемісті еңбек ете беретін боламыз.

Татьяна ИГНАТОВА,
«Орталық Азиялық қант корпорациясы» ЖШС-ның аға маманы

Тараз қаласы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support