- Advertisement -

Жарқын болашаққа бастар жол

140

- Advertisement -

Аудан көлемінде ұйымдастырылатын мәдени-көпшілік шараларға белсенді түрде қатысып, көп іске ұйытқы болып отырған аудандық ардагерлер кеңесі Елбасының Жолдауларын, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жұртшылыққа түсіндіруде айтарлықтай жұмыстар тындырып отыр.

Елбасы Н. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында ұлт болашағына аса қажет бәсекелестік қабілетті, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, еліміздің революциялық емес, эволюциялық дамуын, сананың ашықтығы секілді тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртатын басты бағыттарды белгілеп берді.
Президент сөзі кәсіптің қандай түрімен айналыссақ та қабілетімізді жетілдіріп, өзгелерден мүмкіндігінше сапасы әлдеқайда жоғары өнім өндіруге ұмтылдырады. Адам бәсекелестік қабілеті арқылы ғана табысқа кенелері даусыз. Бабаларымыздан мирас болып қалған туған жерімізді тоздырмай, тиімді пайдаланып, халықтың сұранысын қанағаттандыра алатын экологиялық таза өнімдер өндірудің маңыздылығы да жаңғыруға жетелейтін игіліктің бірі.
Аудандық ардагерлер кеңесі жанынан ұлттық сананы жаңғырту жобасын іске асыру үшін белсенді ардагерлерді топтастырып, 4 жұмыс тобын құрдық. Жұмыс топтарының іс-шаралар жоспарында «Бабалар аманаты», «Алтын ұя», «Отбасы құндылықтары», «Ағаның ақылы» сынды арнайы айдарлар ұйымдастырылды. Сондай-ақ облыстық ардагерлер кеңесінің «Ашық хатын» насихаттау бойынша тұрақты комиссия төрағалары З.Даберов, А. Қосақов, Д. Бейсенбаева, З. Рахымбекова, А. Нашанбеков ауданның барлық елді мекендерін аралап, кездесулер өткізді. Бұл іс-шаралар келешекте тұрақты комиссиялардың жұмысында жалғасын табады.
Ауыл тұрғындары Президенттің біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басу керектігі және ұлттық сананы қалай өзгертуге болатындығы жайлы айтқан ой-пікірлерін толықтай қолдап, мақаланың құнды құжат екенін мақұлдады.
Елбасының аталмыш мақаласында патриотизмнің кіндік қаның тамған жерің, өскен ауылың, қалаң мен өңірің, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатыны айтылады. Бұл орайда Бірлік, Бірлікүстем, Бәйдібек ауылдарындағы игілікті істерді үлгі етіп атауға болады.
«Бір тал кессең, он тал ек», «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген халқымыздың дана сөзі бар. Аталы сөзді әдемі сөйлеу үшін емес, жастарымызға үлгі болу үшін пайдаланып, көпке өнеге болып жүрген азаматтарымыз да аз емес. Өздерінің қайырылымдылық істерімен көпшіліктің құрметі мен алғысына бөленген Е.Жиенбеков, Ү.Айтбекова сынды ардагерлеріміз аудан орталығын көріктендіруге айрықша жанашырлықпен атсалысып жүргені құптарлық іс.
Аудандық ардагерлер ұйымының мүшелері «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып, рухани жаңғырудың қоғам дамуына барынша ықпал етуіне өз үлестерін қоса бермек. Қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған бұл идеяның ел дамуының тарихи кезеңіне сай үшінші жаңғырудың өзегіне айналуы елімізге жаңаша сипат, тың серпін берері сөзсіз.

Қазақбай Байжұманұлы,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Шу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support