- Advertisement -

Үйден ұзап шығамын десең…

82

- Advertisement -

Бойында күш-қайраты тасып, әдемі өмірге деген талпыныс пен барлық саланың «дәмін татып» көруге деген қызығушылық жастарды үнемі ширақ қимылдауға, бір орында қатып қалмай, қимыл-қозғалыста болуға итермелейді. Жастық – өзіңді тану мен айналаңды білуге көп күш жұмсайтын уақыт. Жастардың барлығы дерлік жоғары мансап пен қызықты өмірді, бақуатты тіршілікті көксейді. Ендеше, зерттеу институттарының бірі анықтаған жастар үшін қолайлы, олардың өмір сүріп, өз кеңістігін ұлғайтуға мол мүмкіндік беретін 10 қаланы назарларыңызға ұсынамыз.

1. Торонто

Торонто бүгінде әлем жастарының ағылып жатқан бағыты. Мұнда 2 миллионнан аса адам тұрады. Ең басты құндылығы қаладағы бағаның арзандығы және көптеген жұмыс орындарының болуы. Торонто – нағыз бизнес-орталық. Мұнда көптеген кәсіп түрлерінің стартапп жобалары жасалып, дамуда. Айта кету керек, қаланың барлық кітапханалары тегін Wi-Fi желісімен қамтылған.
Осы орайда айта кету керек, бүгінде еліміздің орталығы Астана қаласы да жастардың білім алып, ісін ілгерілетуіне, қандай болса да кәсіп ашып, жұмысын жандандыруға мол мүмкіндіктер жасауда. Еліміздің көптеген жастары Астанаға қоныс аударып, сол жақта қызықты өмір бастап жатқанына бүкіл ел куә.
2. Берлин

Германия астанасы жергілікті халықтың нағыз мақтанышына айналған. Соңғы жылдары қала киноиндустрия және ән өнері саласындағы түрлі фестивальдерімен, жас режиссерлерге даңғыл жол ашуымен даңқы артуда. Өнер әлемінде әлемге танылғысы келетін жастарға таптырмас қала болғалы тұр.

3. Нью-Йорк

Өзге қалалардан айырмашылығы, онда жұмыс орындарының көптігі және азаматтардың қала билігін жүргізуге мүмкіндігінің мол екендігі. Білім беру саласы да қарыштап дамыған қала.
4. Даллас

Далласта жұмыс табу аса қиынға соқпаса керек. Қаланың ең көрнекті жерінің бірі – Клайд Уоррен Паркте. Мұнда 37-ден аса өсімдік түрі өсіріледі. АҚШ қалалары арасында Даллас қоғам, спорт, кеңістік және ойын мәселелері жөнінде бірінші орында болса, кәсіпкерлік саласы бойынша екінші орын алатын мекен.

5. Париж

Әрқашанда өзіне жасты да, жасамысты да тартып тұратын әсем қала! Сән әлемі мен өнерге келгенде Парижге тең келер қала жоқ-ау шамасы! Париж – романтика қаласы ретінде-ақ бүкіл әлемді бас идірді.
6. Цюрих

Мұндағы баға саясаты жастарды біршама шошытуы мүмкін болғанымен, назар аударуға тұрарлық жайттар аз емес. Ең таңдаулы университеттер мен тәжірибелік зертханалармен қатар, мұнда жолаушылар тасымалы мен азаматтардың қауіпсіздігі жоғары деңгейге көтерілген. Әдемі көріністер мен демалыс, сауда-саттық және қаладағы халықтың 30 пайызы шетелдіктер болуымен ерекшеленеді.

7. Копенгаген

Дания астанасы – қалыпты өмір сүруге таптырмайтын мекен. Денсаулық сақтау саласының жоғары деңгейде жүйелендірілуімен қатар, демалыс және ойын-сауық мәселесі де жан-жақты ойластырылған. Мұнда экология мен саламатты өмір салтына ерекше көңіл аударады. Соңғы жүргізілген халық санағы барысында белгілі болғанындай, Данияда халқының 15 пайызы жасы 65-тен асқандар екен. Демек, халықтың басым бөлігін жастар құрайды.
8. Мадрид

Әрине мұнда атақты «Real Madrid» футбол командасының штаб-пәтері орналасуының өзі неге тұрады?! Футбол жанкүйерлері үшін таптырмас мекен. Сонымен қатар, Испания астанасы Еуропаның ең ірі қалаларының бірі саналады. Қаланың әсем көркі ешкімді бейжай қалдырмаса керек. Globe Shopper индексі бойынша бұл қала сән-салтанатты өмірге қажетті бұйымдардың қолжетімділігі жөнінен әлем бойынша үшінші орында.

9. Рим

Италия астанасы да жастар үшін тап­тырмас мекен. Бұл қала әсіресе өнерді, мәдениетті жоғары бағалай­­тын­дар үшін өте құнды. Сондай-ақ, итальян асханасы да әлем­нің үздік асханасы саналатыны белгілі.

10. Амстердам

Мұнда заманауи ғимараттар мен сауда нүктелерінің сан түрі бар. Қызыл шамдар алаңы туристерді тартып тұратын магнит іспетті. Ең бастысы және жастар үшін маңыздысы мұнда тұрғын үй бағасы өзге қалалармен салыстырғанда анағұрлым арзан және әлемдегі қауіпсіз қалалардың қатарына енеді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support