- Advertisement -

ТАТУЛЫҚТЫ ТУ ЕТІП…

112

- Advertisement -

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік шара облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернатында да өткен болатын. Жоғары сынып оқушылары мерекенің мән-маңызын түсініп, ашып көрсете білді. Олар ұйымдастырған барлық тәрбие сағаттары мен өзге де шаралардан патриоттық пен елге деген сүйіспеншіліктің рухы сезіліп тұрды.
Мысалы, 10-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткен сахналық қойылым желісінде АҚШ-тағы қандастарымыз уақыт машинасын ойлап тауып, олар сонымен еліміздің 4 тарихи астанасына саяхат жасайды. Олардың Орынбордан бастаған сапары бүгінгі Елордамыз Астана қаласынан аяқталады. Оқушылар осы көрініс арқылы еліміздің бай тарихи-мәдени, туристік ерекшеліктерін көрсете отырып, тарихқа ой жүгіртеді. Ал математикалық бағытта білім алып жатқан 10-сынып оқушылары шамдардың жарығымен «25», «KZ» белгілерін жасай отырып арнайы би ұйымдастырған екен.
Мерекелік шарада мектеп директоры республика­лық конкурстардан орын алған ұстаз­дарды арнайы марапаттап, сый-құрмет көрсетті.

Дина Әмірова,
облыстық «Дарын» мектеп-интернаты директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support