- Advertisement -

GGG жекпе- жекке дайын

78

- Advertisement -

Кәсіпқой бокстан WBA, IBO тұжырымдары бойынша әлемнің тұрақты чемпионы, WBC тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы Геннадий Головкин мамырдың он алтысында АҚШ-та өтетін кезекті кездесуіне дайындығын «BIG-Bear» лагерінде өткізіп жатыр.
Дайындығын күнделікті пысықтап жүрген Гена спаррингте бұрынғы қарсыластарының бірі, солақай Гжегож Проксамен де өзінің шеберлігін байқауда. «Кездесу оңайға соқпайтыны белгілі. Жаттығу залында шүмектеп тер төгіп жүрмін. Он алтыншы мамырда тағы бір жақсы драмалық шоуды назарларыңызға ұсынсам деймін» дейді ол. Мамандар Головкиннің осы кездесуінен кейін Мигель Котто ойланатын шығар деп пайымдайды. Олардың сөзіне сенсек, Головкиннің бұрынғы қарсыласы Дэниэль Гилмен шайқасатын Котто аталмыш боксшымен бокстасу арқылы өзін Генамен салыстырып көрмек екен. Кім білсін?! Ал Геннадийдің промоутері Том Леффлер Энди Лимен біріккен тұжырымдар кездесуін өткізу үшін де келіссөз жүргізіп көретінін айтып қалды. Бәрін уақытында көрерміз. Әзірге Монроның мәселесін шешіп алу керек…

 Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support