Футбол алаңы – тұрғындар игілігіне
Осы апта мойынқұмдықтар үшін жақсы жаңалықпен басталып, аудан орталығында көптен күткен қуанышты сәт орын алды. Мойынқұм ауылы тұрғындардың қатысуымен Т.Әубәкіров көшесінің бойында жаңа шағын футбол алаңының ашылу рәсімі өтті.