Мал шаруашылығы саласында 5 пайызбен несие беру бағдарламасы іске қосылады
- author «Ақ жол»
- 29 шілде, 2025
- 1.0k
«Өткен жылы аграршылар рекордтық өнім алып, экономиканың барлық салалары ішінде ең жоғары НКИ өсімін қамтамасыз етті. Бүгінде қаржыландыру бағдарламалары кеңейіп, мемлекеттік қолдау күшейіп отырғанда, біз қарқын төмендетуге құқылы емеспіз. Барлық деңгейде нақты үйлестіру мен жеке жауапкершілік қажет», – деді Айдарбек Сапаров.
Саладағы ағымдағы жағдай туралы есеппен Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов сөз сөйледі. Оның айтуынша, бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша АӨК жалпы өнім көлемі 1,8 триллион теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7 пайызға өсті. Бұл өсім мал шаруашылығындағы (+3,2%) және егін шаруашылығындағы (+14,5%) көлемнің артуы есебінен қамтамасыз етілген.
Белгіленген өсім қарқынын қамтамасыз етпеген өңірлер қатарында Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары аталды. Сондай-ақ Жамбыл, Жетісу және Алматы облыстарында тамақ өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің төмендеуі тіркелді. Әкімдіктерге өнеркәсіптік кәсіпорындармен жұмысты күшейту, бос тұрған қуаттарды іске қосу және инвестициялық жобалардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.
«1 тамыздан бастап Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады. Ол саланың жағдайы туралы нақты көрініс қалыптастыру үшін стратегиялық маңызға ие. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін 100 пайыз қамтуды, өңірлерде белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет», – деп атап өтті Азат Сұлтанов.
Облыс әкімдерінің орынбасарларының назарында сондай-ақ көкөніс қоймаларын салу және жаңғырту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру, СҚО тәжірибесін тарату бағдарламасы бойынша қаражатты игеру, минералдық тыңайтқыштарды уақытылы енгізу және элеваторларды орақ науқанына дайындау мәселелері болды.
Айдарбек Сапаров 1 тамыздан бастап жаңа мемлекеттік қолдау құралы – мал шаруашылығы саласында жылдық 5 пайыз мөлшерлемемен 50 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылатынын хабарлады. Бағдарламаның қолжетімділігін арттыру үшін бордақылау алаңдарына қойылатын талаптар қайта қаралып, ең төменгі қуат көрсеткіштері төмендетілді. Сонымен қатар асыл тұқымды мал сатып алуға арналған «Игілік» бағдарламасы да іске қосылады.
Кеңес қорытындысы бойынша өңірлерге ісшаралар жоспарларын қысқа мерзімде өзектендіру, бөлінген қаражатты игеруді бақылауды қамтамасыз ету және мемлекеттік аграрлық саясаттың барлық негізгі бағыттары бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен жұмысты жандандыру тапсырылды.
Aq jol-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- 4 желтоқсан, 2025
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




