Қордайда қос «Келешек мектебі» пайдалануға берілді
Жалпы, ұлу жылы қордайлық оқушылар үшін табысты жыл болғаны сөзсіз. Есепті кезеңде түрлі пәндік олимпиадалар мен жарыстарда топ жарған №4 мектеп-лицейі «Ең үздік ауыл мектебі» атағына лайық деп танылған. Ал биыл бұл ауданда «Келешек мектеп» бағдарламасы аясында 300 орындық екі бірдей білім ошағы бой көтерді. Ел игілігіне берілген білім ордасының бірі Қордай ауылының оңтүстік-шығысындағы Қарасу елді мекенінде салынған. Оның салтанатты ашылу рәсімінде облыс әкімі Ербол Қарашөкеев ұлттық жоба шеңберінде іргетасы қаланған қос мектепте мұғалімдер мен оқушыларға қолайлы жағдай жасалғанын атап өтті.
Аймақ басшысы өз сөзінде білім ордасы мұндағы үш ауысымды мектеп мәселесін оңтайлы шешіп, орын тапшылығын болдырмауда маңызды рөл атқаратынына кеңінен тоқталды.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бүгін с ана лы ұрпақ тәрбиелей алсақ, ертең заман көшінің басында жүреміз», – деген болатын. Бүгінгі күн Қордай жұртының тарихында айрықша орын алатын білім мен үміттің, жаңару мен келешектің мерекесі ретінде қалары сөзсіз. Мемлекетіміздің ұрпаққа деген қамқорлығының, ұлт болашағына деген жауапкершілігінің жарқын дәлелі де осы. «Келешек мектептері» – жай жоба емес. Бұл – жаңа дәуірдің білім философиясы, ауыл мен қала арасындағы теңдікті қалыптастыратын және әр баланың дарынын ашып, ұлттың интеллектуалды әлеуетін арттыратын бастама. Білім – ұлттың жүрегі, мектеп – оның соққан тамыры. Есігін айқара ашқан білім ордасы – сол жүректің жаңаша соғуы, елдің болашағына бағытталған үміттің бастауы. Дәл осы мектептен елін сүйетін, білімді әрі ізгілігі мол ұрпақтар түлеп ұшсын. Мектебіміздің іргесі берік, шаңырағы шат, шәкірттері талапты да табысты болсын, – деген Ербол Шырақпайұлы директордың міндетін атқарушы Ринат Тұрғанбай басқаратын мектеп ұжымына интерактивті панельдің сертификатын сыйға тартты.
Мұнан соң ауылдық округтің ақсақалдар кеңесінің мүшесі Тұрған Жасыбаев өскелең ұрпақтың қамын ойлаған өңір Айта кетейік, он беске жуық ұлт өкілі қоныстанған ауылда бой көтерген №53 білім ордасында 2 8 оқу кабинеті, 80 орындық мәжіліс залы, 667 шаршы метр аумақты қамтитын кең спорт залы, STEM зертханасы мен робототехника кабинеті, 3 ғылыми зертхана, 2 компьютер сыныбы, 3 шеберхана және коворкинг орталығы, 80 орындық асхана мен кітапхана бар. Ал құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер компания – «Integra Construction KZ» серіктестігі. Дәл о сы күні төрт мыңнан астам тұрғыны бар Қаракемер ауылында да нақ осындай мектеп бүлдіршіндерді қабылдады.
Ендігі жерде мұнда барлығы 65 педагог қызмет етеді деп күтілуде. Аймақ басшысы жаңа мектептің ашылуы – ел ертеңінен салынған инве стиция екенін тілге тиек етіп, балаларды оқыту мен тәрбиелеу күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселе болып қалатынын жеткізді. Оның айтуынша, биылдың өзінде облыста 26 білім нысанының құрылысы жүргізілуде. Ал жыл соңына дейін 10 мектеп пен 5 қосымша ғимаратты пайдалануға беру көзделсе, келер жылы тағы 11 жаңа нысан бой көтермек. Бұдан кейін ауыл ақсақалы Ерғазы Бозшаев жиналғандарға ақ батасын беріп, ұстаздар мен ата-аналарға тілектестігін білдірді.
– Өз басым бұған дейін №14 орта мектепте білім алдым. Ал енді заманауи үлгіде жабдықталған «Келешек мектеп» жобасы аясында салынған №54 білім ордасында оқуымды жалғастырмақпын. Шын мәнінде, аталған екі оқу ошағын салыстыруға келмейді. Өйткені айырмашылық – жер мен көктей. Мұнда робототехника кабинеттері, зертханалар, кітапхана, шеберханалар мен коворкинг орталығы бар. Сонымен қатар осында оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында тігін өнерінің қыр-сыры да үйретіледі. Болашақта дизайнер мамандығын игеруді жоспарлап отырмын, – дейді 9 «Б» сыныбының оқушысы Айзере Ербол.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




