Салтанатты шараға аудан әкімі Ермек Кәрентаев қатысып, жерлестеріне жылы лебізін білдірді. – Бұл футбол алаңы – мойынқұмдықтардың салауатты өмір салтын қалыптастыруына, жастардың спортқа деген ықыласын арттырып, бос уақытын тиімді өткізуіне, сондай-ақ тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік беретін маңызды нысан. Ендігі міндет – оны көздің қарашығындай сақтап, тиімді пайдалану, – деді Ермек Амангелдіұлы.
Соңғы жылдары ауданда бұқаралық спортқа баса көңіл бөлінуде. Кезекті шағын футбол алаңының ел игілігіне берілуін аудандағы салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы тағы бір қарышты қадамдардың бірі деуге болады. Мәселен, бұл соңғы жылдары аудан орталығында бой көтерген алтыншы кіші футбол алаңы. Жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында салынған бұл нысан – Мойынқұм ауданының 60 жылдығына орай атқарылып жатқан игі істердің бірі.
Айта кетсек, жаңа спорт нысанының құрылысы ашық конкурс негізінде жүргізіліп, мердігер ұйым – «Жеке кәсіпкер Кәусар» бұл жобаны 18 миллион 850 мың теңгеге сапалы түрде жүзеге асырды.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Мойынқұм ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




