Облысқа белгілі кәсіпкер жігіт біздің сыныптас-досымыз. Бұған дейін де балабақша, басқа да халыққа қажетті нысандар ашқан азамат. Демеушілігі және қайырымдылығымен ел аузында жүрген кәсіпкер жігітті ауылдастары да, аудан тұрғындары да орынды мақтан етеді. Бөбекжайдың ашылу салтанатында аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы сөз алып, ауыл тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, ел бірлігі мен мемлектіміздің тәуелсіздігі ғұмырлы болуын тілеп, елім деген Қайрат сынды іскер де, қайырымды азаматтар көп болсын деді.
Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы Ошақбай Ибраймов, Қаркемер ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеахмет Аяпбергенов, ауылдың ең қарт ардагері, тоқсан жастағы Ақатай Балқыбеков ізгі тілектерін арнады. Ардагерлер жекеменшік балғындар мекені ғимаратының лентасын қиып, батасын берді, аналар шашу шашты.
Жаңа жыл қарсаңында есігін айқара ашатын «Асылай» бүлдіршіндердің шат күлкісіне толмақ.
Қарлығаш ТАНХАЕВА
Тараз қаласындағы И. Панфилов атындағы 39 мектеп-гимназиясы директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
Жамбыл ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




