«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Мұғалімдердің білімін сараптайтын тестілеу тоқтатылды

Мұғалімдердің білімін сараптайтын тестілеу тоқтатылды
Автор
Ұстаздар үшін жағымды жаңалық. Елімізде мұғалімдердің пәндік білімін бағалау бойынша өткізілетін тестілеу тоқтатылды. Бұл туралы оқуағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды. Бұл өте жақсы. Менің ойымша, Мемлекет басшысы сіздерге зор сенім артып, үлкен жанашырлық танытып отыр. Сондықтан баршаңызды құттықтаймын, – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Берілген мәліметке сәйкес, педагогтердің білімін тексеруге арналған аталған тестілеу жүйесі енді қолданылмайды. Тиісті шешім бойынша ресми хат өңірлік білім басқармаларына жолданған. Еске сала кетейік, пәндік білімін бағалау тесті – мұғалімдердің өз пәні бойынша білім деңгейін тексеруге арналған емтихан түрі. Ол негізінен аттестация кезінде қолданылып, педагогтердің біліктілік санатын анықтауға әсер ететін. Соңғы жылдары бұл тест мұғалімдерге қосымша жүктеме ретінде сынға алынған еді.

 

Aq-jol-Ақпарат.

Ұқсас жаңалықтар