- Advertisement -

«ҰСТАЗЫМ – ҰЛАҒАТЫМ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

59

- Advertisement -

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында Елбасы-Партия Төрағасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру және «Педагог мәртебесі» заңының жобасын дайындау бойынша баспасөз конференциясы өтіп, оны партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов жүргізді. Ол «Ұстазым – ұлағатым» акциясының бастау алғандығы туралы хабарлады.
Елбасы биылғы қазан айында Қазақстан халқына Жолдауында экономикадағы, әлеуметтік саладағы, өңірлік дамудағы қысқа және ұзақ мерзімді перспективаға арналған іс-қимылдың кешенді бағдарламасын ұсынған болатын. Жолдаудың әлеуметтік сипаты халықтың әл-ауқатын жақсартып, азаматтардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталғанын көрсетеді. Ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру, білім беру мен медицинаға кететін шығындарды көбейту және басқа да бағыттар әлеуметтік жаңғыруымызға серпін беретіні сөзсіз. Сонымен қатар Елбасы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау жөнінде нақты тапсырма берді. Бұл маңызды құжат өз кезегінде мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, білім саласының одан әрі дамуына жол ашатыны даусыз.
Бүгіннен бастау алған «Ұстазым – ұлағатым» акциясы аясында 12-25 қараша аралығында арнайы құрылған екі жұмыс тобы жоспарға сәйкес елді мекендерде ұстаздармен кездесулер, қоғамдық қабылдаулар өткізіп, ұсыныстар жинақтайды. Осы уақытта әлеуметтік желілерде де «Ұстазым – ұлағатым», «Педагог мәртебесі» хэштегтерімен ұсыныстар жинақталады. Әзірленген заң жобасы «Нұр Отан» партиясының Парламент Мәжілісіндегі депутаттық фракциясына, Білім және ғылым министрлігіне жолданатын болады.
Ерқанат Нұрбапаұлы бұл акцияға облыстың мұғалімдері белсенді қатысатынына сенім білдірді.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support