- Advertisement -

Елеусіновтің жаңа белесі

72

- Advertisement -

Әуесқой бокстан Олимпиада чемпионы атанған соң кәсіпқой боксқа ауысқан ұлт мақтанышы Данияр Елеусінов бұған дейін шаршы алаңда төрт жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткені мәлім. Аталған кездесулердің барлығы алты раундтық форматта ұйымдастырылған болатын.
Данияр Елеусінов кәсіби мансабында жаңа белеске көтеріліп отыр деуге толық негіз бар. Отандасымыз енді сегіз раундтық форматта жұдырықтасады.
Қазақстандық боксшы 24 қараша күні ұйымдастырылатын бокс кешінде бесінші рет шаршы алаңға көтеріледі. Бұл жолы ол никарагуалық Маркос Мохикамен қолғап түйістіреді. Мохика бұған дейін 20 жекпе-жек өткізіп, оның он алтысында жеңіске жеткен-ді. Сондай-ақ ол екі мәрте жеңілістің ащы дәмін татса, екі рет қарсыласымен тең түскен, 12 қарсыласын мерзімінен бұрын ұтқан.
Жартылай орта салмақ дәрежесінде бақ сынайтын Данияр Монако шаршы алаңында жеңісті жорығын жалғастырады деген сенім басым. Өйткені әр жеңіс рейтингтегі жағдайға әсер ететіні белгілі. Елеусіновтің бұл шайқасы бірінші ауыр салмақтағы ресейлік Денис Лебедев пен америкалық Майк Уилсон арасында өтетін бокс кешінің андеркардына жоспарланған.

 

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support