- Advertisement -

Әлемді құтқаратын қуат – әйелдің мейірімі

67

- Advertisement -

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Jambyl-Taraz» қоғамдық-саяси газетінің директор-бас редакторы, қалалық мәслихат депутаты, Жамбыл облыстық іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Эльмира Мырза-Ғалимен   «Әлемді құтқаратын қуат – әйелдің мейірімі» атты онлайн сұхбат өтті.

Сұхбатта қазақ әйелдерінің қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, әлеуметтік мәселелердің шешімін табуға атсалысуы,  еліміздің дамуында нәзік жандылардың орны, отбасылық құндылықтар,  отбасыдағы әкенің рөлі мен баланың пікірімен санасу жайлы өзекті әңгіме өрбіді. Кешегі Ұмай мен Қызай ананың ерлікке толы нәзіктігі, бүгінгі Фариза мен Күләштің нәзік те, ерлікті насихаттайтын жырларына тоқталды. Сұхбаттың маңызын арттырып, Фариза ақынның өлеңі де оқылды.

Оқырманнан келген онлайн сұраққа жауап беріп, Эльмира Иниятқызы соңғы оқыған үш кітабының мазмұнын ашып көрсетті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support