- Advertisement -

Отанымыздың — жүрегі, Тәуелсіздігіміздің — тірегі

220

- Advertisement -

Сарыарқаның сайын даласынан Отанымыздың жаңа елордасын салу бастамасын алғаш Қазақстан Президенті көтергені баршаға мәлім. Ол кезде, яғни өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдар ортасында бұл идея жүзеге асатынына сенгендер көп болған жоқ. Жаңа қала салу мен оған көшу көптеген онжылдықтарға созылады деп санағандар да болды. Бірақ олардың бәрі қателескен еді. Астана ең қысқа мерзім ішінде салынып, бүкіл еліміздің қарышты дамуының нышанына, миллион тұрғыны бар ірі шаһарға айналды.Елбасымыз – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың идеясы мен ұсыныстарының арқасында ел астанасы Батыс пен Шығыс мәдениеті мен дәстүрін тоғыстырған көз тартар бірегей келбетке ие болды. Қаланың көптеген ғимараттары, ескерткіштері кезінде Нұрсұлтан Әбішұлының сурет, сызба және нобай түрінде түсірген ойларынан алынды. Яғни, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – ел астанасының авторы, бас сәулетшісі. Әлемнің белгілі сәулеткерлері Нұрсұлтан Назарбаевтың ойларын өмірде жүзеге асыра білді. Олардың арасында Кисе Курокава, сэр Норманн Фостер, Кензо Танге және тағы басқалар бар. Ғимараттардың басым көпшілігі Астананың ең көрнекі орындары мен қаланың өзіндік рәміздеріне айналды. Мемлекет басшысының сызбасы бойынша «Бәйтерек» – Астананың және бүкіл елдің ең танымал бренді бой көтерді. Ол елорданың жаңа бөлігінің дәл орта тұсында орналасқан. Оның басынан бүкіл қаланың әсем көрінісі көзге шалынады. Сонымен қатар Елбасының суреті мен сызбасы негізінде «Хан Шатыр» бірегей сауда және ойын-сауық кешені салынды. Арнаулы полимерлік жабыннан жасалған кешен Forbes Style журналы нұсқасы бойынша, әлемдегі ең үздік он экоғимарат қатарына енді. Дүкендер мен павильондарға қоса, мұнда кинотеатр, көптеген аттракциондар, сұлулық салондары, тіпті аквапарк та бар. Елбасы ойластырған тағы бір маңызды нысан – «Отан қорғаушылар» монументі. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу үшін Нұрсұлтан Назарбаев пирамида түрінде арнайы сарай салуды ұсынды.

Бұл идеяны Норман Фостер табысты жүзеге асырды. Бүгінде Бейбітшілік және келісім сарайы – Астананың сәулеттік ансамблінің бөлінбес бөлшегі. Президент мәдениет орталығы, Ақорда резиденциясы және Астананың өзге де сәулетті ғимараттары да алдымен Нұрсұлтан Назарбаев сызған жоба түрінде пайда болған еді.
2019 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Астана қаласы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталды. Бүгінде Нұр-Сұлтан – өңірдің ең әсем қаласы, еліміздің саяси, экономикалық, мәдени және рухани орталығы. Яғни, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналды.
Міне, сондықтан болар шетел басшылары атынан Қазақстанның Тұңғыш Президентінің атына Елорда күні мен Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жылдық мерейтойына орай көптеген хаттар ағылып келуде. Шетел лидерлері Нұрсұлтан Әбішұлының Мемлекет басшысы ретіндегі ұзақ мерзімді және жемісті қызметі барысында тек Қазақстанда ғана емес, халықаралық аренада да зор құрмет пен беделге ие болғанын атап өткен. Шынында Ұлт Көшбасшысы Н. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі ұшан-теңіз. Елордамыз – Елбасымыздың ерен ерлігі. Мұны жер жүзінің екі жүзге жуық мемлекеттерінің баршасы мойындайды. Бұл – айдай ақиқат.
Ендеше еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Той тойға ұлассын, ағайын!

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support