- Advertisement -

Дүнгендер қауымдастығы мақтаралға гуманитарлық көмек жөнелт ті

50

- Advertisement -

Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық хатшылығының бастамасымен ағымдағы жылдың 11 мамырында «Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері және Қордай ауданының Масаншы, Ауқатты, Сортөбе және Бұлар батыр ауылдарындағы дүнген этносы өкілдерінің кәсіпкерлері мен тұрғындары су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысы Мақтарал ауданы тұрғындары мен қиын жағдайда қалған азаматтарға қолдау білдіру мақсатында гуманитарлық көмек жөнелтті.
Көрші облысқа аттанған үлкен жүк көлігінде 5млн. 500 мың теңге көлеміндегі қаражатқа 11 тонна ұн, 2,5 тонна қант, 2,5 тонна күріш, 1,5 тонна макарон өнімдері, 1500 литр өсімдік майы, 5,3 тонна картоп, 500 келі пияз, 300 келі ас тұзы, 1000 дана қораптағы шәй және киім-кешек пен тұрмыстық заттар бар.
Бүгінде өңірде 87 этнос және этникалық топтардың өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді. Барлығы осы киелі жердің төсінде, құшағын жайған елдің ішінде ел бірлігін қамтамасыз етіп, сақтап қалуға атсалысуда.
Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық хатшылығы ұйытқы болуымен атқарылған игі іске қолдау білдіріп, көмек қолын созған барлық азаматтарға алғыс білдіреміз.
Мақтарал тұрғындарына сабырлылық пен күш қуат берсін. Әлі талай жақсылықтардың куәсі болатынымызға кәміл сенемін.
Біз сіздермен біргеміз!

Айша Идыбо,
«Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support