- Advertisement -

Ардагерлер – даналық пен даңқтың үлгісі

91

- Advertisement -

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті мен Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Жеңістің 75жылдығына арналған «Ардагерлер – даналық пен даңқтың үлгісі» тақырыбында өткізілген кездесу қызықты әрі мазмұнды болды.
Іс-шараны университет ректоры Ерболат Саурықов ашып, қаһарман халқымыздың ерлігі арқасында келген Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған басқосуға ардагерлердің студент жастармен кездесуге арнайы келгендігіне алғысын білдірді.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері Мұсахан Бердібаев, Бегасыл фБелгібаев қариялар өздерінің майданда өткізген күндерінен естеліктер айтып, ақ батасын берді.
Тыл ардагері Нареим Сейдуалиев сұрапыл соғыс жылдарында жеңісті жақындатуға зор үлес қосып, тылда еңбек еткен азаматтардың, аналарымыз бен жеткіншек балалардың ерлігін ерекше атап өтті.
Ауған соғысының ардагері Дүкенбей Ермеков бүгінде ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлердің бейбіт өмірдегі жарқын істері,қоғамдық жұмыстардағы белсенділіктері,түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері жастар үшін ерліктің шынайы үлгісі болып табылатындығын тілге тиек етті.
Тараз қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Күләш Әбдікешова сұрапыл уақыттағы қайғылы шежіре жаңғырығы халықтың зердесінде бағасы артып, уақыт алға жылжыған сайын ардагерлердің жасаған ерліктерінің шоқтығы биіктей беретіндігін атап өтті.
Кездесу барысында студент жастар ардагерлерге түрлі сұрақтар қойып, сұрапыл соғыс жылдарындағы жауынгерлердің ерлігі мен өз Отанына деген шексіз сүйіспеншілігі туралы толыққанды әрі тың мәліметтер алды.
Басқосу соңы оқу орнының шығармашыл студенттерінің қатысуымен ұйымдастырылған концертке ұласып, ардагерлерге естелік сыйлықтар табыс етілді.

Алдаберді Мақашев,
Тараз қалалық ардагерлер
кеңесінің мүшесі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support