- Advertisement -

Ұлтаралық келісімді арттырып, татулықты ту ету – ортақ мақсатымыз

75

- Advertisement -

Құрметті жерлестер!
Сіздерді шуақты көктем мерекесі — әз Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз – Жер-Анамыз бусанып, ақтың молаятын, тіршіліктің жаңаратын, күн мен түннің теңесетін кезеңі. Береке мен бейбітшіліктің, достық пен бірліктің, мейірім мен махаббаттың символы саналатын, айналаға тіршілік нәрін сыйлап, табиғатты қайта түлетіп, көктемнің арайлы шуағымен нұрланып жеткен Наурыз мерекесі баршамызға бақ дарытсын.
Өңіріміздегі 87 этнос пен ұлт өкілдері бұл мерекені достық пейілмен айрықша атап өтуді дәстүрге айналдырған. Облыстағы 21 этномәдени бірлестіктің өзара жарасымдылығы мен ынтымағы мереке маңызын айшықтай түседі. Біздің ортақ мақсатымыз – еліміздегі ұлтаралық бірлік пен келісімді арттырып, татутылықты ту ету.
Наурыз мерекесінің жаңғыру кезеңі Тәуелсіздігіміздің тарихымен тамырлас. Қазақстандықтар үшін бұл жылдар орасан зор табыстар мен өзгерістерге толы болғаны сөзсіз. Бұл орайда біздің өңіріміз де ел экономикасының дамуына өз үлесін қосуда. Аграрлық сектор мен өнеркәсіп саласы табысты дамып, шағын және орта бизнеспен айналысуға ден қойған жамбылдықтардың саны артып келеді. Азаматтарымыздың әл-ауқаты жақсарып, халықтың осал топтарын қолдау шаралары барынша жолға қойылды. Жаңа жұмыс орындары ашылып, барлық аудандарда тұрғын үйлер, мектептер, ауруханалар, балабақшалар, жолдар салынуда.
Кездескен кедергілерге қарамастан, осы жыл біз үшін әлеуметтік-экономикалық басымдықтарды жемісті жүзеге асыру, мемлекетіміздің тәуелсіздігін одан әрі нығайту жылы болады деп сенемін. Біз барлық қиындықтарды бірге еңсереміз.
Ұлыстың ұлы күні, әз Наурыз мерекесімен сіздерді шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз мерекесі баршаңызға құтты болсын! Жаңа жетістіктер мен жеңістер, молшылық пен татулық әкелсін. Еліміз тыныш, бірлігіміз берік, ынтымағымыз арта берсін. Әрбір жаңа күн барлық отбасына шадыман шаттық пен бақ-береке сыйласын!

Ақ мол болсын!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Облыс әкімі
Бердібек Сапарбаев,

Облыстық мәслихаттың хатшысы
Бағлан Қарашолақов.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support