- Advertisement -

Қызды күндіз ұзатсақ…

106

- Advertisement -

Ежелде қазақ халқында қыз ұзатуға байланысты салт өзгеше болатын. Қызды ұзату тойынан кейін бірер күн, кейде тіпті бір аптаға дейін ентігін бастырып, ел-жұртымен асықпай қоштастырып ұзататын. Қазіргідей тас қараңғы түнде (неге екенін, түнгі 12-ге жеткізбей) онсыз да ұзатылар қызды алды-артына қаратпай ала қашу атымен болмаған. Ондайды естігендер «жын соғып, сайтан қуып келе ме, әлде қыздарынан құтыла алмай отыр ма?» деп сынаған. Қараңғы түнде қашқан қыз ғана кететін болған.
Айтайын дегенім, ата-дәстүрімізді қайта жаңғыртуға қалай қарайсыз, оқырман? Қызды күндіз-ақ ұзатып, қалауы бойынша туған жерінде 1-2 күн қалдырып аттандырсақ, оңдысы сол емес пе?

Жарқын СӘЛЕНҰЛЫ,
журналист.

Алматы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support