- Advertisement -

ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ

59

- Advertisement -

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жұртшылықты туған жердің тарихына үңіліп, байтақ даламыздың құндылықтарына назар аударуға шақырады. Мақалада: «Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген. Біз тарихымызда осынау көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісін бұрын-соңды жасаған емеспіз. Мәселе еліміздегі ескерткіштерді, ғимараттар мен көне қалаларды қалпына келтіруде тұрған жоқ. Идеяның түпкі төркіні Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи мавзолейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және басқа да жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзейді. Мұның бәрі тұтаса келгенде халқымыздың ұлттық бірегейлігінің мызғымас негізін құрайды» делінген.
Осыған орай Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының 5-сыныптың оқушыларын Ақыртас тарихи кешеніне апарып қайттық. Онда оқушылар туған өлкеміздің тылсымына бойлап, Ақыртас жайлы жан-жақты мағлұмат алды.
Өткен күннен сыр шерткен, ЮНЕСКО-ның тізіміне енген «Тараз қалашығы», «Меркі», «Құлан», «Ақтөбе-Баласағұн», «Өрнек», «Қостөбе» тарихи-мәдени мұра нысандары, сондай-ақ Қарахан, Айша бибі, Бабаджа хатун, Шоқай датқа кесенелері қататында Ақыртастың алар орны ерекше.

Меруерт ТӘЖІБАЕВА,
Н.Киікбаев мектеп-гимназиясы тарих
пәнінің мұғалімі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support