- Advertisement -

Жобалардың санын арт тыру көзделген

39

- Advertisement -

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен кезекті баспасөз мәслихатында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова «Ауыл – ел бесігі» және «Дипломмен – ауылға» жобаларының орындалу барысы туралы баяндады.
Оның айтуынша, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында облыстың 3 ауданының орталығында 108 жоба жүзеге асырылуда. Оған республикалық бюджеттен 2,77 миллиард теңге, облыстық бюджеттен 300 миллион теңге қаржы бөлініпті. Бүгінгі таңда 85 жобаның құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріліпті.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында Елбасы бастаған «Ауыл – ел бесігі» жобасының алдағы жылдарда да жалғасатындығын айтып, оның мерзімін тағы бір жылға ұзартты. Биыл бұл жоба біздің өңіріміздегі 3 ауданда жүзеге асырылса, алдағы жылы оның санын 10-15 елді мекенге жеткізуді жоспарлап отырмыз. 108 жобаның 104-і әр сала бойынша, атап айтсақ, 55-і көше жолдарына асфальт жабынын төсеу, 25-і көшені жарықтандыру, 24-і білім, мәдениет, спорт, сумен жабдықтау тағы басқа нысандар. Қалған 4 жоба бойынша әлеуметтік нысандардың құрылысы жаңадан салынуда.
Атап айтсақ, Жамбыл ауданында әмбебап залы бар спорттық-сауықтыру кешенінің, Шуда аудандық орталық ауруханаға жапсарлас ғимарат, Төле би ауылында Мәдениет үйі мен спорт кешенінің құрлыстары жүргізілуде. Бұл нысандардың құрылыстары 2020 жылға өтпелі, – деді ол.
Баяндамашы бұдан кейін «Дипломмен – ауылға» жобасы аясында облыста атқарылып жатқан жұмыс барысына тоқталды. Жалпы, жоба қолға алынған 2010 жылдан бері 1747 жас маман әлеуметтік қолдауға ие болыпты. Олардың барлығы да көтерме жәрдемақы алған.
Гүлдана Жауынбекова жиын соңында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support